Ермек Шынболатов сүйген қызын алып қашты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

«RESTART: шексіздікке дейін»! Дәл осы фильм үшін біз Алматыдан 100 шақырым алыста орналасқан Дегерес ауылына келдік. Туынды су тасқыны жайлы... Назарларыңызда: процесс және бэкстейдж.

«RESTART: шексіздікке дейін» драмасы шынайы оқиға желісімен таспалаған. Туынды 2010 жылы Алматы облысы Қызылағаш ауданындағы су қоймасының жарылуы жайлы. Бас кейіпкерлердің бірі – Ермек Шынболатов.

Ермек Шынболатов, актер:

- Бұл жерде ауылдың сондай армиядан келген кішкене бұзықтау жігітін ойнаймын. Бірақ бұзықтау дегенге «Дәстүрдегі» бұзықпен қатты отличаться етеді.

- Ермек Шынболатов қазір трендте. Өткенде Түркияда, кеше Алматыда, бүгін міне Дегерес ауылында. Қатар қанша жобада жүрсіз?

- Дәл қазір қатар 2 жобада жүрмін.

Ермектің жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыста жүруіне таяуда шаңырақ көтеруі себеп. Актер сүйіктісіне жүрегі мен жүзігін ұсынды. Құдалар тәтті шәй ішіп те үлгерген.

Ермек Шынболатов, актер:

Тойға қомақты қаржы жинап жүрген сияқтысыз ғой?

- Ол да бар.

- Бүгін енді сіздің қыз алып қашқан сахнаңызға куә болдық... Тағы не бүлдіріп жүрсіз?

- Өзі добровольно ешкім тимейтін болды ғой, сол алып қашып жүрмін. бұл жерде де сол алып қашып. Қыз басқа біреуді жақсы көреді, енді не істейсің алып қашпағанда...

Фильм форматы бойынша бас кейіпкердің бір күні тоқтаусыз қайталана береді. Ол ауылды су тасқынынан құтқаруы тиіс. Дәл осы образ – Жасұлан Көпбергенге бұйырған-ды.

Жасұлан Көпберген, актер:

- Жасұлан соңғы кездері түсірілім алаңында, премьераларда жиі жолығатын болдық, продюсерлер саған кезекке тұрып жатқан сияқты ғой?

-Жоқ бұйырғаны. Бір жылда осы алтыншы толықметр.

- Ауылды су тасқынына құтқаратын қаһарман сен бе?

- Мен қаһарман боламын осы кинода.

Картинада сондай-ақ, киноиндустрияға жаңадан бет бұрған актерлар да бой көрсетеді.

Нұрқабіл Қапасов, актер:

- Бұл жобаға мен кастинг арқылы келдім, ең соңғы кастинг күнінде келіп. Осы Жігер деген персонажға негізі Ермектің персонажыне көрген болатынмын, ең басында.

Ал «RESTART: шексіздікке дейін» фильмінің режиссері атышулы «Түнде атылған оқ» детектив сериалын таспалаған Думан Еркінбек.

Думан Еркінбек, режиссер:

- Думан біздің НТК арнасындағы «Түнде атылған оқ» сериалын таспалаған режиссердің бірі. Енді толықметр таспалап жатыр. Бұл қателеспесем алғашқы ауқымды жоба ғой?

- Дебют деп айтуға болады ғой.

- Идея шынайы оқиғаға негізделген деп айта аламыз ғой иә?

- Қазақстанда болған трагедия Қызылағаш оқиғасына негізделген деп айтуға болады.

- Бұл жобаны қолға алуға не түрткі болды?

- Біздің Қазақстанда қазір кинотеатрға тек үлкендерге арналған той жайлы, отбасылық фильмдер шығып жатыр да, ал жастарға арналған фильмдер жоқ деп айтуға болады. Сол нәрсе түрткі болды.

Ермек Шынболатов, актер:

- Бұл бір андай қатты социальный драма емес, зрительді ойға шомылдырып, андай бүйтіп түңілдіріп жіберетін, кішкене жеңіл формада, еркін түсірілген фильм.

Титр: Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Мына тұрған аядай ауылды бас кейіпкер су тасқынынан құтқара ала ма? ТОП актерларды бір алаңға тоғыстырған жоба, осы күзде барлық кинотеатрларда.