Калифарния «Айып етпе» клипін келіншегінен кешірім сұрау үшін түсірген бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Kalifarniya, әнші:

- Ассалаумағалейкум, қазір міне келем. Құттай қалды, жұмыс істеп тастайын. Кеттік. Мен енді әндерімнің жартысын келіншегіме арнағам ғой соңғы әндерімнің. Өзгерістер керек болды. Клипке осы жолы келіншегім түспейді және ешқандай би жоқ. Шамалы басқа жанрда.

-Дегенмен түсірлім барысында сізді қолдап әрқашан жүрген болар?

-Иә, ол само собой ғой.

- Ондай бейнебаян түсіруге не себеп болды?

- Бұл да бір енді келіншегіміз екеуміздің отбасылық өмір болғаннан кейін, арада болып тұратын ыдыс-аяқтардың сылдырлаулары болады. Соның бір нәтижесінде ме екен, қатты бір шабыттанып кетіп шыққан ән.

«Үйлену оңай, үй болу қиын екендігін жастарға осы клип арқылы түсіндіргім келді»,- дейді әнші.

Kalifarniya, әнші:

- Өзімнен кейінгі артта ілесіп келе жатқан іні-қарындастарға посыл ретінде тастағам осы әнді.

Сондай-ақ, Анельмен шаңырақ көтергелі сезімдеріне селкеу түсіретін, ортаға от салып соңы ажырасуға апаратын сыртқы факторлар барын мойындады. Ғашығының көңілін өзінен бұрын, оқырмандары көп түсіретін көрінеді. «Неге балалы болмайсыңдар?» деген сұрақпен мазалайтындар бар.

Kalifarniya, әнші:

- Менің жыным келеді осы сұраққа, көбіне менің келіншегімді уайымдатып қояды осы сұрақ. Мәселенің ақ-қарасына бармай бала тумайсың ба анау-мынау деп айтқан сайын мен каждый раз білем келіншегім мұңайып жатқан сәтті. Сол үшін маған ұнаңқырамайды.

«Қуантарлығы, сұрақ жақындарымыздың тарапынан қойылмайды, олар әрдайым бізді қолдайды»,- дейді әнші.

Kalifarniya, әнші:

- Көбісі негізі ойлайды, біз негізі Анель екеуміз бір-бірімізге подписан емеспіз. Екіншіден сосын көп бірігіп фото салмаймыз ғой. Көбісі ойлайды екен ажырасып кетті деген сияқты. И мен айтқым келеді -жоқ бізде бәрі жақсы, Аллаға шүкір. Уайымдамаңыздар.

Бейнебаянда ерлі-зайыптылар бір-біріне байлаулы күйде, бірақ әркімнің еркіндікті аңсауы көрсетілген. Фараның келіншегін жас актриса Аружан Тимур сомдаған.

Kalifarniya, әнші:

- Бұл клип мен үшін ерекше болды, себебі осыған дейін клиптерімнің арасында ең ұжымы көп болды командада адамдар. И мен өзім де шаршап қиналған жоқпын.

Тұсаукесерге жиналған көпшілік арасынан Бонапардты байқап қалдық. Жаңабек әріптесінің шығармашылығына қызығушылықпен қарайтынын жасырмады.

Bonapart, әнші:

- Негізі егер фит жазсақ, мәз боламын. Осы жақын арада танысқанбыз. Көрейік енді, мүмкін болып қалар.

Айдарбековтер отбасының кенжесі Заңғар Нұртас та келіншегі Индирамен төбе көрсетті.

Заңғар Нұртас, әнші:

- Осындай керемет жобаға келдік бүгін Фархат досымыздың тұсаукесеріне. Ол жігітке сәттілік досым. Биіктерден көріне бер.