Мәди Рымбаев концертінде кімді күтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди Рымбаев соло кешіне 1 айдай дайындалған. Концертте шырқалған әндердің 30-40 пайызы әлі релиз алмаған тректер. Музыкант шараға тыңғылықты әзірленген. Тіпті шақырту қағазына роза гүлін қыстырған.

Қала берді ол: соңғы кездері жаныма өзгерістің керек болып жүргенін түсініп, шашымды боядым,-дейді.

Мәди Рымбаев, әнші, музыкант:

– Неге қызыл, өйткені «роза». Ең қатты ұнайтын гүл, ең жақын адам мамам. Сол үшін... Мен енді Розаның баласымын ғой. Сол үшін бүкіл жерде розаларды қосатын болдым.

Мәди соло концертінде тағатсыздана күткен адам – анасы Роза Рымбаева. Бірақ Роза Қуанышқызы, жеке жұмыстарына байланысты келе алмаған.

Мәди Рымбаев, әнші, музыкант:

– Роза апай өкінішке орай болмайды. Өйткені оның өзінің бір жеке выступлениесі бар. Сосын ол қаланың сыртына кетуі керек болды.

Бауырының концертінде Әли Оқапов та болды. Екеуі дуэтте өнер көрсетті. Әли: бұл кеш толықтай Мадидің еңбегі,-деді.

Әли Оқапов, әнші, музыкант:

– Ешқандай. Мүлде қатысқан жоқпын. Әрине айттым, керек болса музыкалық сұрақтардан бастап, жүк тасуға дейін бармын ғой деп. Білем деді болды. Бірақ бәрін өзі. Маған тек қана осы алдыңғы күні ғана дайындыққа кел деді. Келдім. Бүгін саундчекке кел деді. Келдім. Болды.

Әли інісінің кәсіби маман ретінде едәуір өскенін айтады. Себеп:

Әли Оқапов, әнші, музыкант:

– Бес күн бұрын ғана бір форс можор болып қалды. Аяқасты. Түбегейлі деп айтуға да болады. Музыканттар тобы ауысты. Бірақ ештеңеге қарамастан, мойымай, қайтадан бағдарламаны нөлден бастап жинап шығарып жатыр. Ол деген кәсіби деңгейдің және білімнің нәтижесі деп ойлаймын.

Мади музыкалық мансабында түрлі тәжірбиелер жасап көріп жүр. Мәселен 3 апта бұрын «Alpha» тобының солисі І-мен «Сенен басқа» трегін шығарды. Композиция 50 мыңға жуық қаралым, жарты мыңға тарта пікір жинаған.

і.uwave, «Alhpa» тобының әншісі:

– Бұл былайша айтқанда, менің жеке карьерама промо. Бұл әнді Мади ұсынды. Осыны бірге шығарсақ,-деп. Мен балалардың рұқсатын алып, қуана-қуана келістім.