Араларынан қара мысық өткен бе? QANAY неге «Меховая 8\1» тобынан бөлектеніп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

«Меховая 8\1» тобының соңғы трегі жарты жыл бұрын жарық көрген болатын. Одан бері жігіттер хит шығармақ түгілі, бірге бой көрсетуден қалды. Бүгінде концерт, open air болса тек Қанайды жалғыз көресіз.

QANAY, «Меховая 8\1» тобының мүшесі

- Соңғы кездері сізді жалғыз жиі көретін болдық қой. Топ қайда?

- Топ... дәл сол сияқты сол екеуіне неге жалғыз жүресің деген сұрақтар қойылады-ау деймін. Потому что қазір өзіміздің шаруалармен жүрміз. Бірақ жақсы ән дайындап жатырмыз. Жақсы клип дайындап жатырмыз. Потому что оказывается үшеуміз үйленгеннен кейін бүкіл энергияларымызды әйелдерімізге бөліп жатырмыз.

«Отбасымызға көңіл бөлеміз деп, соңғы бір жылда басымыз бірікпеді», - дейді Қанай. Десе де өнерпаз жеке шығармашылықпен қатар ұжымды да ұмыт қалдырмаймыз деп отыр.

QANAY, «Меховая 8\1» тобының мүшесі

- Осы жазда құдай қаласа сіздерді өзіміздің «Алматы-Дубай» дейтін әнімізбен «Меховая 8\1» әнімен қуантамыз. Пока менің әнім шығып жатыр «Шынарым» дейтін Шәмші Қалдаяқовтың құрдастың деп қояды дид, атамның әніне «МузАРТ» ағаларымыз айтқан әннің кавер версиясын жазғам «Шынарым» дейтін әннің. Бүгін шықты.

QANAY, «Меховая 8\1» тобының мүшесі

- Соңғы кездері ауқымды фестивальдер кино алаңдардың кәдімгідей хедлайнері болып кеткен сияқтысыз ғой?

- Менің екі мақсатым бар деп айттым, біріншісі – әйгілі әнші болу. Екіншісі – әйгілі актер болу. Алла қаласа қазан айының 31-і ең үлкен дебьюттық кином «Кеттік бәрін таста» сол шығады.

QANAY, «Меховая 8\1» тобының мүшесі

- Көрерменге айтарыңыз бар ма енді қандай жаңалықтар болады алдағы уақытта?

- Вообщем көп бұйырса, сосын октябрь, ноябрьде Қазақстанда болмаған концертімді беремін. Алла қаласа...

- Жеке концерт?

- Бір күнде 2 жерде концерт беремін шоу жасап, оны пока айтпай-ақ қояйын.

- Онда күтетін боламыз міндетті түрде.

- Құдай қаласа. I love you.