Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– «Kalizone» Калифарнияның АҚШ-та бастау алған турының жалғасы. Бұл әртістің Қазақстандағы ең ауқымды әнсапары. Бүгін Алматыда!
Калидің концерті солд ауд болды. Әртіс кеш алдында қобалжып тұрғанын да жасырмады.
– Республика сарайында концерт беру кез келген әншінің арманы. +00:05 – Ішкі әсер, сезім қалай болып тұр?
Kalifarniya, әнші:
– Барлық қалаға барып негізі пысықтап келгенбіз концертті. Бірақ сонда да қобалжу бар. Ответственность бар мойынымда. Ойлаймын енді, 1-2 өлеңнен кейін басылып қалады деп примерно.
Фархат турдағы 6 концертін уақытша тоқтатқан. Солардың бірі Батыс өңірі және Астана қаласы. Бас шаһардағы кеш, залдардың бос болмауына байланысты тұралаған.
– Білуімше, сен 21 қаланы аралауың керек еді. Бірақ 15-ші қала осы Алматы. Сонымен турың уақытша тоқтайды. Күзде жалғасын табады. Астана мен Батыс әзірге стопта тұр иә? Неге?
– Себебі еліміздің Батыс өңірінде су тасқыны болды. Сол үшін Батыстың қалалары отмена болды. Қостанай қаласында да кішкене сондай проблемаларға байланысты тоқтаттық.
Әртісті халық алдында да, сахна сыртында да қолдап жүргендердің бірі жан жары – Анель. Қос өнерпаздың отбасына қызыға қарайтын жұрт жетерлік.
– Халық айтады: Бізге Анель мен Фархадтың махаббатын берсін,-дейді.
Аnelyin, хареограф, Kalifarniya-ның келіншегі:
– Білмеймін оған қалай айтатынын... «Әумин» дейін ба? Бақытты болыңыздар дейді ғой.
- Фархат көрікті жігіт. Елдің алдында жүрген азамат. Қызғаныш болатын шығар бәрібір?
- Мен өзім де творчествода болғандықтан мен Фархатты жақсы түсінем. Өйткені біз бірге жұмыс жасадық. Бәріміз бірге бастадық та. Мен білем әншілерге қандай іс-қимылдар жасап, көрермендер келіп, ұстап суретке түсуі мүмкін деген секілді. Оларды мен жақсы түсінем. Сондықтанда ондай жағдайға байланысты, бізде келіспей қалатын дүниелер болмайды.
Калифарния мен Ақсұңқар осыдан үш жыл бұрын танысқан. Артынан айнымас достарға айналған. «Менің қызым ауырып қалғанда, бірінші болып көмек қол созған Фархат болды»,-дейді ол. Музыкантқа әншінің шығармашылығынан сұрақтар қойып көрдік. Мүдірмеді.
– Дос қызым кетіріп жүр шатырды.
Aksunkar, музыкант:
– Ой, бәреклді.
- Ой, бәрекелді!
- Жарығым-ай, тынысың тарылды ма?
– Хеллоу,-деген ән шығар...
- Мәссаған! Тыңдаған ұнайды, келбетің дымда да қылмайды.
- Бұл «Қар». «Қар» деген әні. Фархаттың бір қателеспесем, 7-8 әніне гитара ойнадым студияда.
Ал Мирас пен Калифарнияның таныстығы әуежайда орын алған. Кейін Мирас соло кешіне дайындық барысында, Анельден би үйренген. Сол кезде қос әншінің жолдастығы, жақсы достыққа ұласқан.
– Фарамен қалай таныстың? Қай кезде? Қашан?
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Таңғы 6-да менде Астанадан, Алматыға рейс болған. Сол жаққа ұйқым келіп бара жатқан кезде, алдымнан дреды жасап алған мынандай. Мен енді оны ол кезде «Раушан, роза» деген әнін ғана білем ғой. Сол кезде алдымнан шығып қалады да: қалайсың, бауырым?,-деймін. Жақсы, өзің қалайсың?,-деп сөйлесеміз. Жақсы, қарапайым бала екен. Бірақ екеуіміздің де ұйқымыз келіп тұрды. Көзіміз өйстіп... Әңгімеміз күшті жарасады да. Қуанытымыз бар бірге отырып сөйлеген кезде.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Пуэрто-Рикадағы қызға дозамен, роза сыйлайтын, ритм-такттан түспейтін Калифарнияның кеші осымен тәмәм.