Бұл Yenlik-тің биылдыққа шыққан бірінші үлкен сахнасы. Рэпер «Не істейсің» трегін алғаш рет орындады. «Тыңдарманды сағынып қалдым»,- дейді ол.
Yenlik, рэпер:
Осы жылғы ең үлкен шығып жатқан фестімнің бірі. Өте күшті қарсы алды, адамдар жаңа әнімді бірге айтты. Сөздерін біледі екен. Соған қуандым.
Трек сәуір айының соңында шыққан еді. Әдеттегідей, әншінің бұл синглы да жарық көрмей жатып, тыңдарман арасында кең тарап кетті. Тиктокта туындыға видео таспалаушылар саны да күн санап артып келеді.
-Әндеріңіздің солай лезде халық арасында тарап кетуіне не себеп деп ойлайсыз?
- Сол адамдардың өмірі сияқты менің өмірім де қарапайым, мен де бәріміз сияқты менде бір проблема, бәрімізде сияқты менде де сондай өмір. Сол өмір жайлы жазғаннан кейін бәріне жүрегіне жетеді деп ойлаймын.
Бүгінде Yenlik шығармашылығына білек сыбана кіріскен. Тыңдарманды жеке альбом, жаңа релиздер мен үлкен концерт күтіп тұр.
Yenlik, рэпер:
- Осы жақын арада міндетті түрде синглдар шығады. Жылдың аяғында бұйырса альбом бітіреміз.