«Жамбыл. Жаңа дәуір»! Жамбыл Жабаев жайлы шындықты ашқан тарихи туынды жарық көрді

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Жамбыл Жабаев – кеңес идеологиясының сойылын соққан, қазаққа жау болған жан ба? Әлде жыр алыбы үлкен саяси ойын жүргізді ме? Нақты жауап әлі жоқ. «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи байопигі тұлғаны өзге қырынан танытады. Премьерадамыз!

90-ға келген шағында қазақ-қырғыз арасында атағы шыққан Жамбыл Жабаевтың ел алдындағы абыройы Кеңес Үкіметінің таптырмас қаруына айналды. Жыр алабы пропоганда құралы болды. Бұл туралы «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи фильмінде көрсетілген. Ал Жабаевты – ҚР Халық әртісі - Досжан Жанботаев сомдады.

Досжан Жанботаев, ҚР Халық әртісі

- Бұл ана біздің актер қауымымызда болады, жамбасқа келген деп жатады. Бұл жамбасқа салатын әйтпесем іштен шығарып алып ұратын образ емес. Өте күрделі, қасиетті.

 

Тарихи драма Мәскеудегі мұрағаттардан алынған фактілерге негізделіп таспалаған. Жамбыл Жабаев өмірінің соңғы жылдарында ерекше байып, Кеңес Үкіметі оның бар жағдайын жасайды. Жеке дәрігер, қымбат көлік, даңғарадай үй! Қала берді, қызметшілері мен күзеті алдында құрдай жорғалайды. Туындыда осы сәттің бәрі ашық көрсетіледі.

Досжан Жанботаев, ҚР Халық әртісі

- Актер арқылы Жамбылдың ішкі трагедиясын шығарған шығар деген үміттемін.

Жандос Құсайынов, режиссер, сценарий авторы

- Туындыда Жамбыл атамыздың өмірінің соңғы 9 жылы, акцентті неге қойдыңыз?

- Жамбыл Жабаев шығармашылығы: «Кеңес Одағына керек болды ма әлде Кеңес Одағы Жамбыл Жабаевқа керек болды ма?» осы дилемма, осы сұрақ.

Жас Жамбылды «Жастар» театрының актері Асылбек Әйтіш сомдайды. Актердің бұл алғашқы ауқымды жобасы.

Асылбек Әйтіш, актер

- Бұл жобаға келу өте қызық болды, мен осы жоба үшін өзім әзілдеп айтамын бір жыл әскерде болдым. Мен әскерде жүрген кезде осы фильм басталды. Мен 2022 жылы келдім әскерден келген кезде жастық шағы түсірілмеген.

 

Жамбылдың алғашқы махаббаты Бұрымның образы Индира Сабироваға бұйырған. Екінші сәбиі қырқынан шықпаса да актриса енесімен бірге жабық көрсетелімге келді.

Индира Сабирова, актриса

- Декретте отыра тұра, премьераға келіпсіз соған қарағанда жоба сіз үшін маңызды болғаны ғой.

- Мен алғаш баламды босанған кезде, маған жазып қалды, видеопробка жібересіз ба деп, ол кезде дәл қазіргідей кішкене формада емеспін, видеопроба не болса да жіберейін деп бірақ өтпей қалдым. 1 жыл өткеннен кейін маған қайтадан жазады.

Досжан Жанботаев, ҚР Халық әртісі

- Қазір біз ұлыларымызды жамандауға көштік көп сондай. Жамандағыш болып кеттік, кішкене өзіміздің қазақи қасиетімізден айрылып бара жатқан сияқтымыз. Біреу болмаса біреу сол Жамбыл ғой, осындай болған ол Сталиннің голошын жалаған дейді, тура жанында тұрғандай. Жалаған емес, Сталиннің көзінше намаз оқуға кетіп қалған.

Алмас Шаяхметов, актер

- Жамбыл атамыздың өлеңдерін басқаша қылып оқытты ғой бізге, ой Ленин біздің бірдеңе деп, негізінде олай емес біз енді осы фильмді түсіру барысында көптеген мағлұматтармен таныстық.

Мейірғат Амангелдин, актер

- Көзіміз ашылғандай болды, ішіңнен бірдеңе жібергендей болды. Маған қатты ұнады, соңғы жылдардағы тарихи фильмдердің ішіндегі ең қатты бір ұнағаны. Режиссура, актерлардың ойыны, оператордың түсіргені.

Әсет Есжан, актер, әнші

-Қаншама ашылмаған дүниелер ашылып жатыр иә. Сталинді, Ленинді Советтік билікті ұлықтаған жерлері көп болды. Іштей сол кезде бір осының бәрі қолдан ұйымдастырылған нәрсе шығар дегент ой болған.