Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Қазақша дубляж қайта жанданды. Бұрын жеке студиялар қаржыландырса, енді «Disney» компаниясының өзі бас демеуші. Дәл қазір «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің жабық көрсетіліміндеміз. Спойлер - туындыны «Ninety One»-дықтар мен Жұлдыз Өмірғали дыбыстаған.
«Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі - «Disney» және «Pixar» студиялары тікелей жетекшілік еткен алғашқы ауқымды жоба. Таза қазақ тіліне аударылып, дыбысталған туындыға дубляж актерлері қатаң талаптармен іріктеліп алынған.
ALEM, «Ninety One» тобының мүшесі
-Оказывается бұл дауысты «Disney»-дің өзі құптайды екен. Менің кішкентай бөпем бүйтіп 3-4-5 болған кездері бүкіл «Disney»-де мен көріп өскен мультфильмдерді, киноларды бәрін қазақша көріп отырса, менен бақытты адам болмайды.
Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері
-Актерлық құрамды қалай таңдадыңыздар?
- Біз мейлінше көрерменді қызықтыру үшін эстрада кино әртістерін шақыруға тырыстық.
Анимациялық фильмде бас кейіпкер Райлиді – кішкентай актриса Ақерке Нұржауова дыбыстаған.
Ақерке Нұржауова, актриса
- Басында қобалжыдым, қатты қорықтым, вдруг өтпей қаламын деген ойда болдым. Бірақ мен өзіме сеніп, күш жинап алып кастингтен өтіп кеттім.
Қуаныш, мұң, қорқыныш, ашу және жиіркеніш! Сүйікті көрерменімен қайта қуышқан Райлидің санасындағы штаб-пәтерде бұл жолы өзгерістер орын алмақ. Енді бас кейіпкер бойжетіп жаңа эмоцияларды сезінбек. Ол – үрей, қызғаныш, ұят және енжарлық.
ALEM, «Ninety One» тобының мүшесі
- Кейіпкерің «Ұят», қатты қалай ұялуға болады, мастер-класс көрсетші?
- Міне көріп тұрсыздар мен ұялып тұрмын.
- ALEM эмоцияңызбен күрескен сәттің бірі болған сияқты ғой?
- Иә мен кішкентай кезімде армандайтынмын, киноларды қараған кезде мен: мен дыбыстауды емес, мен жәй қазақша осы киноларды көруді армандайтынмын.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса
- Менің кейіпкерім – Вэл. Бұл Райлидің жаңа оқу орнындағы краш қыздарының бірі. Себебі соған ұқсас болғысы келеді.
- Бүгін өте әдемі болып тұрсыз, бір персонажға ұқсайсыз...
- Бұл Райлидің ең алғашқы эмоциясы «Бақыт». «Бақыт» болуға тырыстым. Көк парик қана жетіспеді. Бұл қазіргі современный интерпретациясы.
- Кастингтен қалай өттіңіз?
- Бірінші кезекте бұл жерге менің жолдасымды шақырған. Ол уақытта қолы емес болды да, айтты менің әйелім актриса барып көрсін. Мен өтіп, сол уақытта Айқында менде барып көре салайын онда, менде көрейін бәлкім менде өтіп қалармын деп еді. Ол барды, ол тапсырды өтпей қалды.
Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері
- «Disney» және «Pixar» студияларының өздері қазақша дубляжды қолдайды деген жаңалықты естігенде қандай сезімде болдыңыз?
- Шынын айту керек бәріміз, кейбіреуіміз жыладық, көңіліміз босады. Халқымыздың тілді қолдауын күтемін. Бұл жерде «Disney» үшін, жаңағы басқа біреулердің қалтасына ақша құю мақсатында емес. Өз тіліміздің мүддесін қорғау мақсатында.
ACE, «Ninety One» тобының мүшесі
- Егер де «Ойжұмбақ 2» ойдағыдай болып, бүкіл халық Қазақстан халқының көңілінен шықса, алдағы бүкіл контенттердің барлығы қазақша болады. Қазақша контентті қолдайық, бақытты болыңыздар.
Санұржан Сүлейменов, актер
- Қазақша дубляж ұнады ма?
-Өте қатты ұнады. Қазақ балаларымызға өте керек дүние, өйткені психотерапиялық өзінің бір вайбы бар.
Бексұлтан Қазыбек, продюсер, блогер
- Бар эмоцияларды өзім де сездім қуандым, кішкене жыладым. Барлық эмоцияны көрдім, өте керемет.
Bibomen, блогер
- Мен бүгін үрейдің образында келдім десең. Ана түстер бөлінеді екен да эмоицялар мен бүгін білдім оны, сосын сүйтсем мен бүгін үрей, тревожностьтың образында екем. Өте күшті, ұнады маған.
Рүстем Жаныаманов, актер
- Балаларыңызға ұнады ма?
- Иә балалар бірде мұңайып, бірде күліп кәдімгідей анау әзілдеп жатқан кезде әзілдеріне күліп отырды деген сияқты, бізде күліп отырдық.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Араға 9 жыл салып қайта оралған Оскарлы «Ойжұмбақ»-тың сиквелі 13-ші маусымнан кинотеатрларда. Көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналған Райлидің бойжеткен шағындағы түрлі эмоциясына бірге куә болайық. Қазақша дубляжды қолдайық.