Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
- Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровты қырсық шалды. Актерлардан кинопродюсерлер теріс айналып, түсірілім алаңдарының есігі тарс жабылған. Дегенмен екеу «Оскардан» үмітті.
Бұл «Кеттік, бәрін таста» картинасының концепциясы. Мансапта жетістікке жетуді көксейтін Қайролла мен Қаныбектің шытырман хикаясы көрсетіледі. Тіпті эпизодқа қолы жетпей жүрген екеу, үлкен марапаттан үмітті. Басты кейіпкер Қайрат Әділгерейге: біздің киногерлерге қатысты сауал жолдадық.
– Оскар алуға лайықты деп біздегі актерлардан кімдерді айтар едіңіз?
Қайрат Әділгерей, актер:
– Берік Айтжанов ағамыз. Мына соңғы 5-6 жылдықта «Nomad stunts» деген елімізге танымал каскадерлар кешегі мировой өткен кинолар «Наполеон» болсын, «Мулана» болсын. Өзбекстандағы «Баһадүр». Бүкіл әлемнің хиттерінде біздің «Nomad stunts» жобасы бар және де «Nomad stunts» каскадерлардың ішінде халықаралық деңгейде оскар ие болған.
Қайраттың серіктесі Қаныбекті ойнайтын – Қанат Әлжаппаров. Актер сұрақтарымызға әдеткі қағытпа қалжыңымен жауап қатты.
– Түсірілім қалай болып жатыр? Содан бастайықшы.
Қанат Әлжаппаров, әзілкеш, актер:
– Түсірілім күшті болып жатыр. Таудың етегінде, біреудің фазендасында. Өте күшті. Мал сасып, шөптің әдемі иістерімен ерекше болып жатыр ғой. Күшті болып жатыр.
Бұл лентаға арнайы шақыртылған атақтылардың бірі – Қанай. Әнші рөлі үшін шашы мен сақалын өсіріп дайындалған.
– Тіске не болған?
Qanay, әнші:
– Тіске... Менің образым... Менің образым құлдықта әбден таяқ жеп, басынан соққы алған ауру баланың, контуженный баланың рөлі. Осы жылы, екі жылдықта бүткіл энергиямды, бүткіл ниетімді актерлыққа бағыттап отырмын. Әншілікті кішкене 50 процентке қоя тұрып, былай-былай тойға концерттерге барып тұрам ғой.
Жастармен күтпеген коллаб жасаған – Уәлибек Әбдірайымов. Сатира майталманы бұған дейін толықметрлерден түбегейлі бас тартып келген екен. Бірақ бұл фильмнің синописі көңіліне қонып, келісім берген.
Уәлибек Әбдірайымов, әзілкеш, актер:
– Көптеген кинолардан өзім қорықтым. Өйткені кино актеры емеспін. Сценарийлерге мен жауап бере алмадым. Өйткені ол жердің талабы бөлек. Ал енді бір-екі киноларға түсіп көріп едім, камераға ойнайтын актер емес екенмін деп өзімді ойладым.
– Ол ойыңыздан айнуға не түрткі болды аға?
– Не түрткі болған кезде біріншіден кейінгі киноларды көріп жүрдім да мен. Сөйтсем өте керемет. Жастар бір леп алып келді.
Кинода көрерменге тосынсый болатын актрисалардың бірі, өзбекстандық – Диана Ягофарова. Диана түсірілім алаңына аттай 15 жыл салып оралған. Картинадағы қазақстандық әртіптестері туралы бұрын соңды естімеген болып шықты.
Диана Ягофарова, актриса:
- Бұрын соңды бұл актерлар жайлы естімеппін. Түсірілімде таныстық. Соған қарамастан, осындай кәсіби мамандармен бір алаңда жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын. Бір дубльмен-ақ керемет ойнап шығады. Атмосфера тамаша!
Фильмнің бас продюсері – Марғұлан Әден. Марғұлан прокатқа күз мезгілін таңдаған. Оған себеп те жоқ емес.
Марғұлан Әден, кинопродюсер, блогер:
– Күзге таман халықтың настроениесі жақсы болады деген үміттеміз бұйыртса. Егістіктен табатыны бар. Мал шаруашылығынан табатыны бар. Студенттер жаңа киім алып, олар мәз болып жүреді. Стипендиялары түседі. Оқушылар, мектептегілер новый костюм шалбар киеді деген сияқты ғой. Настроениелері күшті болып жүреді. Сол кезде біздің комедияны көрсе, өте күшті болады. Жақсы настроение сыйлайды.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Шетелдік фильмдерге түсеміз деп, арман қуған Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей Ташкентте құлдыққа түсіп қалды. Олар адам саудасымен айналысатын қылмыскерлердің қолында. Қос актердың тағдыры не болмақ?