Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал, махаббат таусылмайтын әңгіме! Шайыр Шаханов бір ауыз сөзге сыйдырған ауқымды мәселе – «Күн сызығы» спектакліне арқау болған. Асқар Ілиясов пен Айсұлу Әзімбаева – ерлі-зайыпты!
Асқар Ілиясов алғаш театр сахнасында! Актер «Күн сызығы» қойылымына арнайы шақырту алған. Драматург Иван Вырыпаевтың пьессасы негізінде сахналанатын спектакль – тіл табыса алмаған ерлі-зайыптының қарым-қатынасы жайлы. Асқар мен Айсұлу премьера алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.
Асқар Ілиясов, актер
- Соңғы 12 жылдың ішінде алғашқы рет мен Отанымда, Қазақстанымда сахнаға шығайын деп жатырмын. Сол себептен мен үшін ол үлкен жауапкершілік.
Айсұлу Әзімбаева, актриса
- Қойылымның месседжі: «Махаббат әлемді құтқарады», неге махаббат тақырыбын таңдадыңыздар?
– Ақпараттық алаңның бәрі жағымсыз жаңалыққа толы. Кейде адамдардың, ішіндегі сырын ақтаруға, мұңын шағуға уақыты жоқ. Бұл қойылымға келген көрермен өзін көре алады.
Асқар Ілиясов, актер
- Жалпы басты тақырыбы ол әйел мен еркектің арасындағы жалпы қарым-қатынас, конфликт, бұл конфликттерді қалай шешуге болады, шешудің қандай жолдары болды. Мен үшін де, біздің елде де актуальды тақырып деп ойлаймын.
Асқар Ілиясов спектакльдегі оқиғалар күнделікті өмірде де жиі орын алатынын айтады. Актер тіпті өзінің экс-ғашығымен де дәл осындай түсініспеушілік болғанын жасырмайды.
Асқар Ілиясов, актер
- Өзіңіз жақын адамыңызбен арада түсініспеушілік болса, контакт-қа қалай барасыз?
- Мен сөйлеймін, мен оған үйреніп жүрмін осы диалогты ашуға, ыңғайсыз тақырыптарды көтеруге, мен үйреніп жүрмін.
- Егер ұрыс-керіс болған жағдайда арадағы түсініспеушілікті қалай басу керек?
- Біріншіден қарама-қарсы тұрған адамды естуге тырысу керек. Ең бастысы осы, естіп көрейінші, осы менің жұбайымды естім көрейінші өміріде бір рет болса да, есту және айту жағынан ол да өте маңызды, шындықты айту керек.
Асқар Ілиясов, актер
- Сахнадаға партнеріңіз Айсұлу Әзімбаева коннект қалай жүріп жатыр, сізді кім таңдады?
- Мені Айсұлу таңдады. Біз Айсұлу екеумізде бізде 100 пайыздық түсінушілік. Себебі біз алты жыл бұрын оған дейін «Бизнесмен»-де ойнадық. Біздің қарым-қатынастың деңгейі сахнаға дейін шықты.
Айсұлу Әзімбаева «Күн сызығы» қойылымының актрисасы ғана емес, продюсері. Өнер иесі алғаш рет жетекшілік қызметті алып отырмын дейді.
Айсұлу Әзімбаева, актриса
- Продюсер болу қиын емес пе екен?
- Өте қиын. Мен көбіне шығармашылық жағына жауаптымын. Ал менің әріптесім Мира Шапаева пост-продакшннан бастап, ұйымдастыру мәселелерін қолына алды.
2 айдан бері үздіксіз дайындықтан өткен «Күн сызығы» спектакльі «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының» кіші сахнасында қойылады.