«Хам кафе» фильмінің жабық көрсетіліміне келген қонақтардың басым көпшілігі актер, файтер Еркебұлан Тоқтарды көруге асыққандай. Біз де серіні сұқбатқа тарттық.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
- Ең әуелі, ҚР Құрметті азаматы төсбелгісімен марапатталғаныңызбен құтықтаймын.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
-Рақмет. Негізі мен ондай премия, орден дегенге жоқпын шынын айтқанда. Үйдегілерге айтқам мен бармаймын деп. Енді оны үлкен кісілер алып жатады. Ертең халық та түсінбейтін шығар деп.
- Әлеуметтік желіде қай еңбегі үшін беріліп жатыр, лайық емес деген хейттерге көңіліңіз түсіп жатқан жоқ па?
Еркебұлан Тоқтар, актер, файтер:
- Бұрын қатты ашуланатынмын, бұрын біреуге бірдеңе доказывать еткім келетін. Қазір маған ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Біреу дөрекі сөйлесе үндемей кете берем. Бірақ оны естіп алып дөрекі сөйлеп жүрмеңдер деп қоясың ғой.
- Менің мына еңбегім еленген болар деген өзіңіздің болжамыңыз бар ма?
- Жоқ, шынымды айтсам жоқ. Мен бір барып біреуді құтқарып қалған жоқпын. Инстаграмда ақыл айтатыным бар, сол шығар.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
- Енді бүгін «Хам кафеде» құрметті азаматқа лайық образдасыз, иә?
-Иә, иә. Құрметсіз азаматтың образындамын. Кейіпкерім жмот қой. Жмот деген фильм көргенсіз ба? Сол кинодағы персонаж ғой примерно. Той жасағысы келмейді, ақшасын банкіде сақтайды, копить етеді.
«Хам кафе» картинасындағы кейіпкері Арман секілді, Тоқтартегінің де бойдақтықпен қоштасқысы жоқ. Бірақ ол «қаржылық жағдайдан емес, ішкі қалауымнан»,- дейді.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Жақын арада үйлену планда жоқ менде. Бірақ мен әйел іздеп бір, қатты бір қиналып маған срочно үйлену керек деп ондай қиындықтар жоқ. Ағыспен кете берем деп ойлап тұрмын.
Сюжет желісі бойынша Еркебұлан Тоқтар бастаған кафе ұжымы, қонақтар легін көбейту үшін клиенттерге дөрекі сөйлеп, оларды барынша балағаттайды. Басты кейіпкерлердің бірі,актер әрі продюсер Еламан Есентаев, өмірде жан баласын ренжітіп көрмегенін айтады. Тіпті өзіне тиіссе де.
Еламан Есентаев, актер:
- Сабырмен шешемін, күліп қоя салатын едім. Конфликтный адам емеспін.
«Келін де үйдегі даяшы» дейді актриса әрі блогер Сымбат Қасымова. Түсірілім алаңында жиған тәжірибесін өмірде де қолдануға тура келетінін жасырмайды. Алайда, Сажол әдепті келін. Сондықтан, ол ата-ене алдында «хам келін» атанбаудың құпиясымен бөлісті.
Сымбат Қасымова, актриса, блогер:
- Негізі келін боп түскенде конфликттің барлығының басын ашып алып маған осындай ұнамайды, осындай айтпай-ақ қойсаңыздар деп айтқан дұрыс сияқты. А то үйлеріңізде хам келін болып кетулеріңіз мүмкін.