Владимир Крылов, бас режиссер:
- Мы конечно театр для детей, к этому празднику всегда готовимся особенно.\муж\ – Балалар театры болғандықтан, біз бұл күнге ерекше дайындаламыз. Бұл жолы да бүлдіршіндерді барынша қуантуға тырыстық. Алдар көсе спекталін дайындадық. Келген қонақтардың көңіл-күйіне қарап жоспарымыз ойдағыдай шықты деп айта аламын.
Алдар Көсе рөлінде актер Мақсат Сағиұлы көрермен көзайымына айналды. Танымал ертегі кейіпкері барынша заманауиландырылғанын образынан-ақ байқауға болады.
Мақсат Сағиұлы, актер:
- Бұл спектакль 19шы жылы қателеспесем қойылған. Белгілі режиссер Қазақстанға Еслям Нуртазин деген. Спектакльді қойды Алдар көсе деп. Мысалыға қазақтың ертегісін былай бұрынғы сол заманғы қылып қойғысы келді, бірақ Еслям оны басқа көзқараспен қарап, заманауи түрде қойғысы келді. Балаларға қызықты, түсінікті болу үшін ішіне нешетүрлі гаджеттер нешетүрлі, бұрынғы заманда Алдар көсе есекпен жүрсе, бұл жерде бұл байкпен великпен жүреді. Сол жағымен қызықты.
Бұдан бөлек, жаңартылған қойылымның балаларды өзіне тартатын, қызықты сәттері көп-ақ. Мысалы, Алдар көсенің жанына білімді, IT маманы Ақыл атты жаңа кейіпкер қосылған. «Тандем ойдағыдай шыққанын қойылымның халықаралық байқаулардан жүлдемен оралғанынан-ақ білуге болады»,- дейді Мақсат.
Мақсат Сағиұлы, актер:
-Алдыңғы жылы Ресейде болдық. Яркутск қаласында балалар спектаклі фестивалінде болдық. Бұл спекталді олар былай айтқанда өліп қарсы алды кәдімгідей, осылай шашу болып. Оларға қызық қой біздің дәстүрлер, олар білмейді біздің дәстүрді, мысалы шашу не екенін.
Сондай-ақ, театр ұжымы мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасыларды арнайы шақырған. Ал, 1 сағатқа созылған қойылым соңында кейіпкерлер ортаға шашу шашып, бүлдіршіндер одан сайын қуана түсті. Басты мақсат - күлімдеген көздер мен бақытты балаларды көру орындалды.