Бүгінде КВН сахнасынан киноиндустрияға бет бұрып жатқандар легі көп-ақ. Сондықтан да болар, Нұрболхан Шараповтан тұщымды туынды күтушілер жетерлік. Тіпті оның кинопродюсер атануы үшін, қомақты қаражат ұсынатындары да жоқ емес.
Нұрболхан Шарапов, актер:
- Көп адамдар, сосын ақшасы бар байлар ғой енді, жаңағы «әй, біз ақша берейік, давайте түсірсей, көрсейші, шанс берейік» деген сияқты ондай ұсыныстар келіп жатыр. Бірақ өзімде сәл қорқыныш бар.
Бір анығы – актер комедия таспалауды көздейді. Себебі, көрермен шынтуайында көңіл көтеретін фильмдерді таңдайтынына бек сенімді.
Нұрболхан Шарапов, актер:
- Бізде көбі айтады неге комедия. Бірақ драма түсірсе келмейді халық, өздері айтып алады да өздері келмейді сол драмаға. Комедияға да оның ішіне драма қосуға болады, оның ішіне трагедия, оның ішіне хоррорды да қосуға болады комедияның ішіне. Ну, әдемі ходты пайдаланса әрине бүкіл жанрды пайдалануға болады ғой.
- Онда сенен күтейік сондай.
- Құдай қаласа, рақмет. Жақсы.