Мұстафа Сандалдың Алматыдағы концертіне көрермен, еліміздің һәм ТМД-ның түкпір түкпірінен келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Оның арабасы бар және бүгін Алматы аренада концерті бар! Мұстафа Сандалдың кешіндеміз!

Мұстафа Сандалдың Алматыдағы салтанаты солд ауд болды. Альбомдары 17 миллионнан аса данамен сатылған Мұстафаның кешін, қырғызстандық Аhti ашты. Әртіс «Бәйтерек» тобының «Сен» трегін қырғыз тіліне аударған.

Аhti, әнші:

  • Негізінде қатты қобалжып тұрмын. Бірінші рет осындай үлкен аудиторияның алдына шығамын.

Мұстафа Сандалдың кешіне арнайы шақыртылған қонақтар арасында, талай музыкалық чарттардың көшін бастап жүрген Jax та болды. Концертті жалғаған хедлайнерлердің бірі – Садраддин.

Қонақтардан кім үшін келгенін білу үшін блиц-сауалнама да алдық.

– Бүгін кімді тыңдауға келдіңіз?

– Мұстафа Сандал.

  • Сандал үшін келдіңіз ба?
  • Жоқ. Садраддин үшін келдім.

Садраддин үшін келгендер санында есеп жоқ. Әнші жанкүйерлерімен тығыз байланыста екен. Тіпті бір тыңдарманына өзі билет беріп, кешке қонаққа шақырған.

– Мына жерде Садраддин өзі жазған. Билеттер жіберген. Фанаттарына деген не деген үлкен сүйіспеншілік. Садр, жарайсың!

Садрды қолдап келгендердің бірі – Рамазан Амантай. Рамазан әртістің талай тректерінің сөзін жазған ақын.

– Негізі өзің Мұстафа Сандалды, Садраддинді, Jax-ты тыңдайтын шығарсың?

Рамазан Амантай, актер:

– Әрине, тыңдаймын. Мұстафа Сандал легенда кісі ғой енді. Негізі мне кажется Садраддинге жиналып жатқан сияқты. Негізі қатты жақсы көріп тыңдайтыным Садраддин.

  • Қай өлеңдері ұнайды? Әндерінің сөздерін сен жазасың ғой иә?
  • Иә. Сол өзім жазғандар ұнайды. Жоқ, бәрі ұнайды.

Садрдың тағы бір танымал тыңдарманы, актер – Рауан Ахмедов.

– Қателеспесем, құрдассыздар?

Рауан Ахмедов, актер:

– Иә, Садраддин 2002. Мен 2003 жылғымын. Яғни 1 жас үлкен менен. Шымкенттің тумасымыз. Туған өлкеміз бір.

Мұстафаның музыкасын тыңдауға келген мыңдаған жанкүйер арасында – Сабина Алтынбекова да болды.

  • Сабина, Мұстафаны неше жасыңыздан бастап тыңдайсыз?

Сабина Алтынбекова, волейболшы:

– Бала кезден деп айтсам болатын шығар. Барлық танымал тректерін жатқа білемін. Әсіресе «Исянкар» әні қатты ұнайды.

Бір қызығы, бұл кешке белгілі волейболшы, жалғыз келді. Кейін концертке Сабинаның жары – Саят Тостықбаев та қосылды. Неге екені, жұлдыз жұп бір бірінен бөлек жүрді.

– Бүгінгі кеште кімді көбірек тыңдағыңыз келеді?

Саят Тостықбаев, С. Алтынбекованың жары, кәсіпкер:

– Садраддин. Біріншіден біздің ініміз. Сосын Мұстафа Сандал... Сосын тағы кім?

  • Jax.
  • Иә, Jax. Қырғызстан, алға!

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгінгі концерттен кейін, түрік елінің ертегі әлеміне еніп кеткендеймін. 2 сағатқа созылған кеш осымен тамам!