Енді құпия емес! Рауан Романидің жұрттан жасырған сүйіктісі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Рауан Романи – нағыз self-made! Ол 18 жасында Лос-Анджелес қаласында актерлық шеберлікті шыңдайтын «The Lee Strasberg Theatre and Film Institute»-ында оқыған. Шетелде тұрған кезеңдерде жүк тасушыдан бастап, даяшы, тіпті диджей болып күнелткенін айтады.

Рауан Романи, актер

- Мен бүгін диджей болып ойнаймын. Алғаш рет. Бірақ осыдан 15 жыл бұрын Лондон қаласында 2 жыл диджей болып, ойнап содан ақша көріп, ақша тауып, студенттік кезімде. Енді біраз отырып отырып ойладым неге бір жаңа бірнәрсе ойлап таппасқа деп.

АҚШ-та талай жыл тұрақтаған Рауан Drake, Pharell Willams сынды мега жұлдыздардың клиптеріне түскен. P.Diddy, G Eazy, Drake, Akon, Dallas Austi сынды рэперлермен үйлеріне қонаққа баратындай дәрежеде достасып үлгерген. Қала берді, «MARVEL»-дің «Темір адам 3» фильмінде де бой көрсеткен. Бүгінде оның кино қоржынында 15 толықметр және 40 шақты бейнебаяндағы рөлі бар. Рауан актерлықпен қатар енді диджейлықты қайта қолға алмақ.

Рауан Романи, актер

- Бірақ ол менің мамандығымнан алыс кетпеймін сол баяғы Романи Рауан актермін. Мен өнерден кетпеймін, өнерден кетпеймін мен. Бұл жәй ғана хобби. Как говориться «said job», это как просто өзім үшін.

Рауан Романи, актер

- Бұл деген мен үшін жаңа аудитория. Аудиториясы бөлек 15 жыл бұрын тек Лондонда ойнадым, одан бері көп өзгерістер болды қобалжимын, жаңа қадам болған соң, жаңа бір направления болған соң қобалжимын.

 

Рауанның бэкграундындағы ең сәтті образ – Чина. YouTube видеохостингінде 11 айда - 140 миллион қаралым жинаған «ИК»-ның клипі, актерды күллі ТМД-ға танытты.

 

Соңғы бір жылда қыздардың крашына айналған сері - бойдақ. Бірақ актер көп ұзамай бұл статуспен қош айтыспақ. Себебі ол жүрегінің иесін тапқан.

Рауан Романи, актер

- Біз жұппыз ия. Жұптамын. Бірақ жақында жақын арада ашамын. Кім екенін көретін боласыздар. Әдемілеп халыққа көрсеткім келеді ашқым келеді контент дейді ғой қазіргі тілмен. Бірақ ол кісі өнерде емес, кинода емес, мүлдем басқа сферада.