Қорлан Тұрсынбекова, qorlan_tursynbekova
- Куә бол айым, куә бол жұлдыз, куә бол Алатауым! Дәстүрлі BEU фэсттің биылғы хедлайнерлері – аңыз «Дос-Мұқасан» ансамблі! Қазақстандық музыканың жарқын өкілдеріде осында! Тарихи сәтке бірге куә болайық!
BEU – биыл да таңқалдырды! Себебі өнердің байырғы өкілдері мен бүгінгі заманауи музыка иелері фит жасады! Олд сукл мен нью скулдың коннекті сәтті! Мәселен, URKER тобы мен ARSHAT керемет үндескен!
ARSHAT, әнші:
- Естуімше Айдос ағаның өзі ұсынған екен. Менде қуанып қалдым, мәз болып. Шынымен бұрын бұндай бірге дуэттер маған тек арман болатын. Өзім іштей сенбей тұрмын кішкене.
- Ал осы URKER тобы, «Дос-Мұқасан» ансамблі аңыз адамдар ғой. Ол кісілермен бірге бір сахнада өнер көрсеткен қалай екен?
- Репетиция кезінде үлкен энергия алдым ол кісілерден. Репетиция кезінде адамның мысы сыртына шығып тұрады ғой, жалпы егер мысы үлкен адам болса сыртына шығып тұрады. Сол кісілерден сондай бір үлкен энергетика сездім.
Кештің кульминациясы аңыз «Дос-Мұқасан» ансамблінің ән салған сәтінде болды. Сахна саңылақтары «Alpha»-лық жігіттермен бірігеді деп ешкім күтпесе керек. Көрермен реакциясы оң әрі жарқын эмоцияға толы!
Еркебұлан Мырзабек,тележүргізуші:
- Өте күшті фиит болды.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
- Мені ерекше таңғалдырғаны жалпы «Дос-Мұқасан» ансамблін көрерменнің күтіп алғаны.
«Alpha»тобы:
- Қобалжу сезім болған шығар енді?
- Әрине, әрине қобалжып, шығар кезде аяқ қол дірілдеп кетті. Кейін шыққаннан кейін уже қоя бастады.
- «Дос-Мұқасан-дағы» біздің ағалар бізге қарап, күлімсіреп қарағаннан кейін бүкіл қобалжуымыз кетіп қалды.
- Сіздердің образдарыңызға, ән айтудағы стильдеріңізге ол кісілер ақыл кеңес айтып немесе ондай ештеңе болған жоқ па?
- Негізінде гримеркада отырған кезде бір шет жағасын айтты. Әр топ өздерінің заманына сай болады деген сияқты қылып айтты. Сондықтан да кеңес емес олар бізді қолдады және де ең бастысы сол сахнадан соң айтқаны «Alpha» үшін әрқашан да зеленый свет деп айтып кетті. Ол біз үшін үлкен мәртебе.
Dosekesh , әнші:
-Ол кісілер бізге ностальгия сыйлайды. Балалық шағымызды қайта еске түсіруге көмектеседі.
Amre, әнші:
-Екі поколение екі буын, екі әртүрлі музыка BEU сахнасында өте күшті, бір толқында.
-Олд скул деп бөлуге болмайды, ол кісілер белгілі бір үлкен саты, бір буын. Оны ұрпақтар сабақтастығы дейді. Осы BEU -де ұрпақтар сабақтастығы болып жатыр.
Кеште трендтегі әртістердің барлығы дерлік өнер көрсетті. Мирас Жүгінісов, Amre, Қанай, Қазыбек Құрайыш.
Қазыбек Құрайыш,әнші:
-Ол кісілердің маған дейін өлең айтып кеткені бірақ кішкене ауыр болды. Енді ол кісілерден кейін шығып өнер көрсету кішкене жауапкершілігі жоғарылау екен.
7000 адамның басын бір жерге тоғыстырған әдемі кештің нүктесін Мирас Жүгінісов қойды. Тыңдарманмен бірге әндете, қошеметіне бөленді.