Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– 1040 шақырым! Жоқ, бұл біз жүріп келген жолдың өлшемі емес. Бүгін таспаланып жатқан толықметрдің атауы. Түсірілім алаңындамыз.
: Аталмыш лентаның бас продюсері – Елдар Жұмағалиев. Комик: картинада дебютанттар бар. Өйткені қазіргі таңда бір актер барлық фильмге түсе беретіндіктен, көрермен киноларды шатастыратын болған,-дейді.
Елдар Жұмағалиев, кинопродюсер, комик:
– Мысалы кейбір адамдар ерекше адамды ойнау үшін, актерларды алады ғой кәсіби. Бізде сол балалардың өздері ойнайды және де бізде киноның бір қызығы өте танымал адамдар бар. Түседі. Бірақ эпизодтарда.
- Білуімше Асха принц иә?
- Асха принц. Ары қарай айтпаймын.
– «Ұ-night» шоудан кетуіңіздің себебі осы толықметр ма?
Елдар Жұмағалиев, кинопродюсер, комик:
– Мен «Ұ-night» шоудан кеткен жоқпын. Бірінші осы маусымға көктемде түсірілген, оған Семейдегі жұмыстар бойынша бара алмай қалдым. Ол Семейдегі де жұмыс болмай қалды. Сөйтіп екі жақ та болмай қалды. Арманым болатын толықметражды кинолар және де сериалмен айналысу және де бірден соған кірістім.
Фильм режиссері әрі сценаристерінің бірі – Медет Қалибеков. Медет: бұл лентада актерлыққа енді қадам басып жатқан «Абибас» құрамасы бар. Ол жігіттер кино әлеміне жаңалық алып келеді,-дейді.
– 1040 км. Неге бұндай ерекше атау?
Медет Қалибеков, режиссер:
– Ойдан алынған ауылда басталады оқиғаның барлығы. Сол ауылдан, Алматыға дейін 1040 км деп шештік барлығымыз отырып. Ең бірінші ойға түскен сан, алыс жер. Айтады ғой мысалы: саған 1040 рет айттым ғой. 1040 рет барып қайттым. 1040 деген көптеген мағына беретін сияқты.
Туындыда антагонисттің рөлінде белгілі стендапер – Данияр Бекжанов. Фильмге түсу туралы ұсынысты Даниярға, Елдардың өзі тастапты.
– Данияр, сіздің образыңыз бүгін ерекше болып тұр. Кімді ойнап жатырсыз?
Данияр Бекжанов, стендапер, актер:
– Бұл кинода мен қылмыскердің рөлін ойнап жатырмын. Өзіме ұнап жатыр. Жақсы шығады деп ойлаймын.
Басты рөлдердің бірінде – Бақытжан Әлпейісов. Мені қызықтырған актерлық құрам мен сценарий,-дейді ол.
– Сіз елімізге белгілі актерлардың бірісіз. Бұл түсірілімге келісуіңізге бірден бір себеп не болды?
Бақытжан Әлпейісов, актер:
– Бірден бір себеп – режиссердің айтқаны. Аға, бір тамаша сценарий туып тұр. Сізге қызық болады деп және менің әріптестерім. Балалар. Өте әдемі балалар. Сондай табиғи ойнайды. Қарап отырып көп нәрсені бұлардан да үйренуге болады.
«1040 шақырым» лентасы «Абибас» командасының тырнақалды толықметрі. Жігіттердің сөзіне құлақ ассақ, ешқандай қобалжу байқалмайды.
– Бұл фильмнің түсіріліміне шақырту қалай түсті?
Темірлан Өтеғали, комик, актер:
– Ойнайсыңдар деп айтты бізге. Ойланбай шешім қабылданып қойды.
– Гонорар туралы келістіңіздер ма?
– Келістік қой. Келіскенде алып алдық уже. Мен Оралдан, Алматыға ұшып бара жатқанда, гонорарым Алматыдан Оралға ұшып бара жатты. Аспанда кездестік екеуіміз бүйтіп, қалайсың деп өтіп кеттік.