«Жақында шаңырақ көтеремін» деп сүйіншілеткен Еламан Есентаев, үлкен тойға қызу дайындық үстінде. Бұл жаңалығын да, таңдаған сұлуын да әзірге тек жақындары ғана білетін көрінеді.
Еламан Есентаев, актер, продюсер:
Алла қаласа күзде құрамын. Ол кісі мүлдем өнерге қатысы жоқ. Жақын достарымнан басқа ешкім білмейді.
- Жасырасыз, иә?
- Иә, жасырамын.
- Ал, отбасын құрғаннан кейін қаншалықты құпияда ұстайсыз?
- Енді кейін бір, кейін салатын шығармын. Может 2-3 баладан кейін шығар.
- Тойдың дайындығы қалай жүріп жатыр? Күзде болса аз уақыт қалыпты ғой.
- Тойдың дайындығы басталып кетті десем болады. Құдай қаласа шақырамын ғой. Бірақ бірден, айтайын түрін түсірмейсіздер ғой, иә? Слишком әдемі да просто, көз тиеді.
Есентаевтың бұл жалғыз жаңалығы емес. Тойға дейін киногер 2 бірдей туындыны көрермен назарына ұсынуды жоспарлап қойған. Түсірілім шілде- тамыз айларында басталмақ.
Еламан Есентаев, актер, продюсер:
- Төрт сценарий дайын тұр. Соның біреуін таңдау керек болып тұр. Мүмкін ол даже «Родной 3» болып қалуы мүмкін.
Есентаев бірер уақытқа кино мансабынан үзіліс алмақ. Онысын: «Біркелкі образдарымнан шаршадым» ,- деп түсіндірді.
Еламан Есентаев, актер, продюсер:
- Актер ретінде жұмыс істегім келмей жүр соңғы кездері. Басқа образбен қазір бастаймын сол, құдай қаласа. Семіріп дұрыстап мүлдем басқа образбен кіріп келетін шығармын деген ой бар.
-Демек, сондай ұсыныс келді ма?
-Сондай ұсыныстар көп болып жатыр, бір 20 кг-дай қосып алып, сөйтіп «сәлем киноиндустрия» деп келем.
- Қиын болмай ма? 20 кг аз емес.
- Иә, ол уақыт. Сол үшін біраз уақыт жоқ болайын деп тұрмын.
- Ал, құпия болмаса ол қандай лента?
- Международныйлар шығып жатыр.