– Сіз өзіңізді қызуқанды жұлдыздардың қатарына жатқызар ма едіңіз?
Қажет Смағұл, актер:
– Қызуқандылардың арасына жатқызамын. Бірақ жұлдыздардың арасына жатқызбаймын.
– Осы мінезіңізден қап, әттеген-ай деп қалған бір оқиғаны айтып бересіз ба?
– Ойбай-ау, ондайды кім айтады. Інімнің басын жарып қойғам.
- Неше жаста болдыңыз сол кезде?
- Мектепке жаңа барып жүрген кез ғой. Жалпы мен бала кезімде өте тентек адам болғам.
- Қалай басын жарып жүрсіз ініңіздің? Немен жарып жүрсіз?
- Таспен. Бірдеңеден ұрыстық. Үйді жинау керек болды ма? Сондай бірдеңе болды әйтеуір.
Ақан Сатаевтың қызы Марйам Сатай балалық шағында бұзық болғанын жасырмайды. Тіпті білместікпен үндіктерге, қырғидай тиген кезін де айтып берді.
– Мінездегі ерекшеліктерің үшін өкінген кезің болды ма?
Марйам Сатай, актриса, каскадер:
– Иә, болған. Өмірімде көп сондай, казус сияқты нәрселер болған. Кішкентай кезімнен біз өте хулиган болғанбыз. Мен ең тентек болдым. Бір күні көрші адамның кішкентай индюктарын алдық. Олар балапанға ұқсайды. Бірақ мына жерде осындай, кекілі бар. Біз оны прыщ сияқты или болячка сияқты ойлап, соны тырнақпен, пышақпен бишара индюктарды өлтірдік короче.
Ал Чина братан болмысы туралы бірер ауыз сөзбен шектелді. Актер бұзықтықтары туралы тіс жарғысы жоқ.
– Жалпы өзіңді қызуқанды жұлдыздардың қатарына жатқызасың ба?
Рауан Романин, актер:
– Ондайға жатамын деп ойламаймын негізінде. Не вспыльчивый, ни в коем случай ондай качеством жоқ.
– Мінезіңнің арқасында, ықпалымен бір казусный оқиға болды ма?
Айжұлдыз Адайбекова, блогер, актриса:
– Мен негізі жұмсақ адаммын. Бірақ жұрт сырт көзден маған айтады да: сен қатал көрінесің. Қатты көрінесің,-деп. Менің мысым бар. Мен ұрыспай-ақ адамды баса алам. Бірақ ешқашанда конфликтке келмеймін.