Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Зарина Кармен балаларын үй қамақта ұстап отыр. Актриса мұндай қылығын қамқорлық санайды! Су жаңа фильмнің синописисі осындай. Зарина Кармен, Әшім Ахмет, Сырым Қашқабай басты рөлді сомдайтын «ErkeБай» фильмінің премьерасындамыз!
«ErkeБай» - ата-анасы шектен тыс өбектеп, еркінен тыс еркелетеміз деп есіртіп жіберген еркетотай балақай жайлы толықметр. Бұл образға Расул Ғалымұлы арнайы шақыртылған. Жоба авторларының айтуынша тіпті сценарий жас актердің болмысына бейімделіп жазылған.
Расул Ғалымұлы, актер:
- Алаяқтарды әбден әбігерге салатын кейіпкерсің, кішкентай болсаң да, қиынға соқпады ма?
- Жоқ, маған бұл рөл өте қатты ұнады. Енді бәріміз жаңа жылда «Один дома» фильмін көреміз ғой, сол кезде маған да осындай рөл бұйырсын деп Алладан тілегенмін.
- Үлкен жігіттерді соққыға жыққан қалай екен?
- Өшіңізді алып алсаңызшы.
- Бұл фильмнен адамдар күлкілі нәрсе күтеді деп ойлаймын.
- Өзің үйде еркесің ба?
- Жоқ менен кейін 5 інім бар, одан кейін мен ерке бола алмаймын уже.
Еске салсақ, Расул Ғалымұлының продюсері – өзінің туған әкесі. Жайдарманшы, әзілкеш Ғалым Махамбетовтың айтуынша Расул оның ең сәтті жобасы.
Ғалым Махамбетов, әзілкеш:
- Енді Расулмен бірге коллективпін ғой мен, әрбір істің қалай басы басталып аяғы қалай аяқталатынын халыққа дейінгі нәрсені барлығын өзім қадағалайтынмын, осы жолы менің қолымда болмағаннан кейін маған қызық болып тұр.
- Енді сіз Расулдың әкесінен бұрын, жұмысқа келгенде продюсерісіз ғой. Гонорарын кім алды, сіз ба өзі ма?
- Әрине мен. Ол бала кезінен ешқандай бізбен санаспайды, керекті нәрсесін әрдайым алып береміз.
Ғалым Махамбетов, әзілкеш:
- Осылай айтады, балалық шағын ұрладың ба деген сияқты, мен өзінен сұрадым бір кездері ол шынымен де ол жалықты. Мен түскім келмейді уже қызық емес деді. Сол кезде не істегің келеді деген кезде спортпен айналысқым келеді деді мен жібердім, спортта бір жылдай жүргеннен кейін ол қайтадан осы түсірілім алаңын аңсады. Сосын өзі сұрады сосын қайтадан алып келдік.
Ерке баланы ұрлап, қастандық жасағысы келген баукеспенің рөлі – Әшім Ахметке бұйырған.
Әшім Ахмет, актер:
- Көбінде өзіңізде қатарластарыңызбен төбелесіп жүресіз, бұл жолы кішкентай баладан таяқ жеп жүрсіз, каскадер қажет болды ма?
- Таяқ жедік әбден. Бұл жерде өзіміздің атақты «Nomad Stunts» деген каскадерлар команда бізбен бірге жұмыс істеді.
- Бұл фильмде ата-ананың өзінің баласын қорғау үшін үй қамаққа ұстап жатады. Ал сіз үйде қатал әкесіз ба?
- Каждый нәрсеге қадалып қалған қатал әкемін деп айта алмаймын.
- Ал балалардың гаджетке тәуелділігінен қандай лайфхак арқылы құтыласыз?
- Билейміз, кітап оқып беремін.
Картина «Один дома» культ - комедиясын еске түсіреді. Мұнымен жоба авторлары да келіседі. Себебі түпкі идея атақты лентадан алынған.
Әшім Ахмет, актер:
- «Один домамен» өстік қой бәріміз. Ұқсастығы бар, оны жасырмаймыз, мен кинода да сол жерде бір текст қосайықшы деп айтқам, «э мынау әбден один домаға әбден тойып алып ғой мына бала» деп айтатын жерін.
Жадыра Сқабыл, продюсер:
- Балалар жайлы кино түсірсек әрине бізді бірінші жаңағы «Один дома»-ға ұқсатады. Үй ұқсаса ұқсай берсін, бірақ біз ұқсамаймыз деп. Біз бәріміз ұқсамаймыз ғой. Бұл жерде ең бастысы отбасымен отырып, комедия, отбасымен бірге тамашалап, күліп ойнап кететін фильм.
Данияр Бекжанов, стендапер:
-- Ата-ананы тыңдау керек деп ойлаймын бірінші орында сол ғой енді ата-анаңды тыңдасаң, тәрбиелі бала болсаң мұндай оқиғаларға тап болмас едің. Киноның айтқысы келген оқиғасы осы шығар деп ойлаймын.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Ерке бала Еркебай жайлы отбасылық комедия 14-ші наурыздан бастап үлкен экрандарда! Кіп-кішкентай балақайдың екі еңгезердей бұзақыны қақпанына қалай түсіретінін көргіңіз келсе, жақындарыңызды алып кинотеатрларға келіңіз!