Шерхан Пірназар енді Алматылық емес! Актер Вьетнамға қоныс аудармақ. Көшіп кетуіне басты себеп - нағыз махаббатын кезіктіру.
Шерхан Пірназардың Вьетнамға беттеуі бекер емес. Актер Хошимин қаласында таспаланатын «Кімге керексің?» картинасында басты рөлде. Кейіпкері – экс-әйеліне «Сенен де керемет жанды табамын» деп өзін дәлелдегісі келіп жүрген қызуқанды жігіт.
Бұл фильмдегі кейіпкеріңіз Шераның басқа кейіпкерлерінен несімен ерекшеленеді?
Шерхан Пірназар, актер:
-Ең бастысы отбасылық жағдай, ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжің. Ол неден пайда болды? Ол не үшін ажырасып кетті? Сол себепті қазіргі таңда негізі осындай кейіпкерлер бар ғой мінезі кішкене біртүрлі, өзіне не керегін білмейді.+ Кейіпкердің өзі – Асхат деген бұл өте бір андай қызуқанды, өзіне не керегін білмейді, бірақ мүмкін білетін шығар.
- Ал, өмірде ше? Өмірде Шерхан қызуқанды адам ба?
Шерхан Пірназар, актер:
Әрине, енді негізі қызуқандылық жағдайға байланысты ғой. Сол себептен де күнде қызуқанды боп жүре бермейсің. Бірақ десек те, енді орнымен ғой барлығы.
Фильмде шынайы махаббатын жолықтыра алмаған адамның оқиғасы көрсетіледі екен. Ал, өмірде ше? Өмірде өзіңіздің махаббатыңызды жолықтыруға, оның сіздің адамыңыз екенін түсінуге қанша уақыт кетті?
Шерхан Пірназар, актер:
Басында енді осы түсірілім алаңында танысып, сөйлесіп, араласып жүрдік. Сосын кейіннен жай-жай, күннен-күнге енді арада бір енді бір қалай айтсам болады, химия пайда боп, бір коннект пайда боп, болады ғой бір.. енді ол сезім негізі ол сөзбен жеткізу қиын да ол деген. Іштей бір түйсік болды, кәдімгідей болды деп ше. Сол себепті менікі деп ойладым сразу, сосын әрекет еттік.
Сюжет желісі бойынша Шерхан Пірназар Вьетнамда арманындағы аруды жолықтырады. Оның экрандағы ғашығы – Фариза Ескермес.
Кеше Фариза сенімен партнер болған өте күшті деп айтты. Ал, сізге қалай? Коннект жақсы ма Фаризамен?
Шерхан Пірназар, актер:
-Біз академияда бірге оқығаннан кейін, бір-бірімізді бұрыннан танығаннан кейін тем более таныс адамыңмен бір площадкаде бір партнер болып ойнаған ол мүлдем басқа да. Мхм. Сондықтан Фаризамен күшті, ұнайды.
Махаббат үштігінде Әсел Асқар да бар. Сылқым – Шерханның экс-жұбайы. «Сценарий ұнағандықтан, ойланбастан келістім» - дейді Әсел.
Әсел Асқар, актриса:
- 4 жыл аралығында маған көптеген ұсыныстар келген, бірақ өзім бас тартып жүрдім. Енді, қазір бас тартпайм. Не ұсынады, соған иә дей берем, келісем деп айтам. Ақшасына да қарамайм, не главное, чтобы сценарий дұрыс болды, режиссер күшті болды, сол болса болды маған.
- Осы жолы режиссер қандай талап қойды?
Әсел Асқар, актриса:
- Өзің өзіңді ойна болды деді. Вообще не напрягайся деді Анвар аға. Бірақ мен айттым, Анвар аға пожалуйста, ендігі рет пожалуйста маған бір добрый амплуа беріңізші дедім. А то всегда мені бір сондай бір дурочка – блондинка, сондай бір ақымақ қыздарды береді да маған. Вот. А так өзім жақсы адаммын ғой негізі
Фильмдегі негізгі кейіпкерлердің бірі – Нұрболхан Шараповқа тиесілі. Үлкен экраннан аз болса да, саз көрінетін әзілкеш – Шерханның жан жолдасының рөлінде төбе көрсетеді.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Фильмде Баха деген жігіттің рөлінде ойнаймын. Шерхан Пірназардың, яғни Асхаттың досы. Екеуі автосалонда жұмыс жасайды. Ну былай келген кезде үйленуге ешқандай ойы жоқ. Қаңғырып, қыдырып жүрген бір досы әйтеуір.
- Бұл фильмде «Саған ешкім қармайды», «Сен кімге керексің» деген секілді сөздер көп қолданылады екен. Бойдақ кезіңізде осындай сөздерді естіп көріп пе едіңіз?
- Иә, ондай сөздерді көп естідік, үйдегілерден де, достардан да естисің. Саған өзі біреу қарай ма деген, қашан үйленесің деген сияқты.
Түсірілім тобы бірер күннен соң Вьетнамға аттанады. Актерлық құрам 20 күн бойы Хошимин қаласында болмақ.
Сәбит Рақымбаев, кинопродюсер:
- Қазақстандық кинолар түсірілетін жерлердің ауқымын кеңейткіміз келді. Отандық продакшндар әлі Вьетнамда фильм таспаламаған. Бұл ретте бірінші болғымыз келді. Мемлекеттің билігімен, киногерлерімен жарты жыл келісім жүргіздік. Құжаттарды рәсімдеу қиын болды.
- Жаңа айтып жатырсыз Вьетнаммен жарты жыл бойы келісім жүргізілді деп. Ол қандай келісім болды?
Сәбит Рақымбаев, кинопродюсер:
- Мы очень долго готовились к проекту - Құжаттарды дайындау процесі ұзаққа созылды. Вьетнамның мәдениет министрлігі сценарийді оқып, бекітті.
- Қазіргі таңда кез келген актердың өзінің райдері болады. Осы фильмге ұсыныс тастаған кезде олар өзінің райдерін ұсынды ма әлде қалай?
- Ну у Шерхана главный райдер это как бы тапочки были на площадке и что бы вовремя кормили.
- Жаңа Сәбит аға айтты, Шерханның басты райдерінде, басты талабы ол – түсірілім алаңында тапочкалар болу деп айтты. Солай ма?
Шерхан Пірназар, актер:
- Иә, деп ше. Иә, жақсы ғой негізі тәпішкелер болған.
- Тәпішкеден қиналған сияқтысыз ғой?
- Иә, ондай болды.
Шетел асып, шынайы махаббатын іздеген Шерханның жайы не болмақ? Ғашықтар арасындағы бәс кімнің пайдасына шешіледі? Жауабын үлкен экраннан білетін боламыз.