Жарқынай Ханайымның инстаграмында «Айдар неліктен Айланамен жиі уақыт өткізбейді?», «Жұбайың көмектесе ме?» деген секілді сауалдар жиі қойылады.
Жарқынай Ханайым, актриса:
- Қызым Алматыда қазір, мен де осындай жоба кезінде әкесі Айдар Асқарбек қарайды. Ойламаңыздар қарамайды, көмектеспейді деп. Үш айдан бері Алматыда жүр екенмін ғой. 3 ай бойы Айлана папасымен, арасында мен алып тұрамын уақыт болған кезде. Сол папасының қызы болып кетті.
- Айдар бір себептерге байланысты қызыммен жолыға алмаймын деп айтты. Ол қандай себептер?
Жарқынай Ханайым, актриса:
- Енді мен Астана қаласында болдым ғой. Астана қаласында болдым, ол Алматыда. Бірақ жиі-жиі келіп тұратын. Содан кейін оның жобасы болды, Сакура фильміне түсті. Ол оңай емес білесіздер. Мен өзім қазір қызыма қарай алмай жүрмін иә. Қазір смендеміз деп па. Қазір Айдар қарап жатыр. Онда жоба бар кезде маған береді, қызым байғұс екі ортада сөйтіп жүр. Сол шүкір Аллаға. Екеуміз жобадан қолымыз босаған кезде бірден маған бер, маған бер Айлананы деп, кейде Айланаға таласып та қаламыз.
- Айлана демек қазір азаннан кешке дейін әкесінің жанында иә?
- Иә, қазір әкесінің жанында. Еркелеп, мені тыңдамайды.
Айта кетейік, олар Астанаға қоныс аударғаннан кейін арақашықтық Айланаға ерекше әсер еткен.
Жарқынай Ханайым, актриса:
- Ол жиі айтатын мама папа деп әлі тілі шықпай жүрген кезде. Сол кезде видеозвонокпен сөйлестіремін. Енді мен жиі Алматыға келіп тұрғаннан кейін бірде Айдарға айтамын мен Алматыға келе жатырмын деп. Біз бара жатырмыз деп. Ол бірден күтіп алады немесе өзінде жоба болмаған кезде Астанаға жиі келіп тұрады Айлана үшін. Сондықтан иә сағынған кезде қиналамын, көрсеткім келеді. Айлананы да түсінемін. Айдар да сағынады. Мен жоқ кезде мені сағынады. Сондықтан енді қазір әртістің баласы болғаннан кейін оған да оңай емес.
Десе де, Айдар Асқарбек Жарқынайдың жұмыс бабымен Алматыға келген сәтін оңтайлы пайдалануға тырысады екен.
Жарқынай Ханайым, актриса:
- Айлананың қылығына тамсанып, Айланаға пайдалы жерге барып немесе Айлананың денсаулығына, дамуына байланысты нәрселерді ақылдасамыз. Сол бірге көп уақыт өткізбейміз. Айлана Айдармен жеке, мен Айланамен жеке.
- Алдағы уақытта Алматыға біржолата көшіп келу ойыңызда бар ма?
- Иә ойымда бар, себебі жобаларымның барлығы Алматыда. Алматыға көшсең Астанадан жоба шығады, Астанаға көшсең, Алматыдан жоба шығады. Киноға түсетін болсаң, Алматыда ондай жобалар көп. Телевидениеде қандай да бір жобалар болса, ол Астанада көбейіп жатыр. Сондықтан мен екі қалада 50\50 жүремін. Сондықтан ойламаңыздар ол Астанада ғой келмейді деп, Алматыда ғой келмейді деп. Екі қалада бірдей жүремін, жұмысымды жақсы көремін, жаспын, энергиям бар, тәжірибем бар.