Бодишеймингке байланысты сұрақты «Миллиондық» жігіттерге жолдап көрдік. Әзілкештер алғашқыда сауалымызды түсіне қоймады.
– «Бодишейминг» деген терминді білесіздер ма?
Қанат Тасхан, «Миллион» құрамасының мүшесі:
– Бодишеймы?
- Бодиын білеміз... Шеймингын білмейді екенбіз.
- Мен екеуін де естімеген екем.
– «Бодишейминг» деген қазақша, жалпақ тілге аударғанда – адамды сырт келбетіне қарап бағалау.
– Баяғыда сондай қасиет бартұғын. Кейін ол адаммен сөйлесе келе... Сөйлеспей тұрып, сырт келбетіне мінездеме беру керек емес екен.
Кинопродюсер, актер, комик – Ақболат Өтебай да бодишеймингтен бейхабар болып шықты. Бірақ Ақболат адамдардың сырт келбетіне, киім киісіне көңіл аударатындардың қатарынан екен.
– Мынандай терминды білесіз ба: «Бодишейминг» деген?
Ақболат Өтебай, кинопродюсер, актер:
– Білмедім.
– Сіз қаншалықты кісіні сырт келбетіне қарап бағалайсыз?
– Жақсы киініп жүрсе, әдемі жүрсе, елімізге келген адамдар елдің менталитетіне, мәдениетіне таңғалатын болса, күліп жүретін халық болатын болса күшті ғой. Жақсылыққа қарай. Болды тек.
Жанболат Найзабеков та әріптесі Ақболаттың сөзіне қосылатынын айтады. «Адам көркі шүберек екені рас»,-дейді.
– Сіздің көзіңізге бірінші не түседі?
Жанболат Найзабеков, актер, әзілкеш:
– Ең бірінші адамның тазалығына қарайсыз ғой енді. Ол кісі қандай, дене бітіміне, шашы өспеген ба, сақалы өсіп кетпеген ба? Әрине адам көркі шүберек дейді. Міндетті түрде киіміне қараймыз.
Ал Ая Фанк адамды сырт келбеті, сымбаты мен мүсініне қарай бағалайтынын жасырмады. Адамның көзіне ең бірінші – әдемілігі түседі ғой,-дейді.
– Фигураға байланысты қарайсың?
Aya Funk, әнші:
- Иә. Фигураға байланысты қараймын. Сосын әдемілікке қараймын шыны керек. Потом ары қарай уже внутрякқа кіресің ғой. Ақыл, ой, иман деген сияқтыларға.
– Бодишейминг не екенін білесің ба?
Бексұлтан Піләл, актер, комик:
– Бодиді білемін. Шеймингіңді білмедім бауырым.
Кейінгі кезде сегізбұрышты октогоннан жиі көрінетін актер, комик – Бексұлтан Піләл сұрағымызға әзілмен жауап қатты.
Бексұлтан Піләл, актер, комик:
– Жоқ. Встречает по одежке, провожает по уму,-дейді ғой. Кішкене сөйлесіп барып неғыламыз ғой. Даже мен бомждармен араласам.