Мәди Рымбаев кімге ғашық?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Мәди Рымбаевтың жүрегі жаралы! Ол жауапсыз махаббаттың ащы дәмін татты. Әнші ғашығын ұмыта алмай әлек. Оның бетін қайтарған қандай ару?

Бұл – Мәдидің жанын жазбаға түсірген кезекті туындысы. Трек «Қоштаспаймын» деп аталады. Жауапсыз махаббатты шығармашылығына тірек ететін Рымбаев бұл жолы да дәстүрінен жаңылмай, белгісіз аруға деген жүрегіндегі жалынды ән арқылы жеткізбек.

- Бүгінгі ән «Қоштаспаймын» деп аталады. Кіммен қоштасқың келмей жүр?

Мәди Рымбаев, әнші:

- Бір адамға байланысты бірақ ол адамның кім екенін айтпай-ақ қояйын. Бәлкім өзі де білетін шығар. Ал клипке келетін болсақ, біздің бейнебаянымызда кішігірім балалық шаққа былай шолу жасайын деп едік.

- Демек, бұл әннің оқиғасы, желісі өзіңнің өміріңнен алынған деп айтсақ болады, иә?

Мәди Рымбаев, әнші:

- Бәлкім, бәлкім. Мына жерде қазір көріп отқандай, екі бала отыр. Сценарий бойынша былай бір басын айтайын, бір комната бар, үйдің ішінде бір бөлме, ойын бөлмесі, сол ойын бөлмесіндегі болып жатқан бір хикаяны айтамыз.

Айта кетейік, бұл – Мәдидің 2024 жылы таспаланып жатқан екінші бейнебаяны. Еске салсақ, бұған дейін ол Қуанышбек Нұрғазымен бірлесе, «Сол» атты коллаборация ұсынған болатын. Енді міне араға апта салмай, келесі туындының түсіріліміне кірісіп кетті.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Негізі осындай фидбэк болады деп күткен жоқпын. Өйткені ән коммерцияға жатпайтын ән және бейнебаян да жарқын бейнебаян емес. Ламповый, винтажный материал шықты. Бірақ көрерменге бәрі ұнап жатыр, жақындарыма, достарыма, оқырманыма өтіп жатыр.

- Біз бейнебаяннан байқадық, стилің өзгерген сияқты әлде бұл сенің болмысыңдағы өзгеріс деп айта аламыз ба?

Мәди Рымбаев, әнші:

- Өзгерістер көп. Негізі киім стильде ғана емес, жалпы жұмыс істеу нұсқасы басқа болып қалды менде. Музыкаға деген көзқарасым өзгерді. Орындауға деген көзқарас өзгерді.

- Қай сарынға өзгерді деп айта аласың?

- Біріншіден, мен есейдім. Өзгердім. Жасым 24-ке келді. Осындай-осындай Бала Мәди емес, уже кәдімгідей есейген Мәди болып тұрмын.

«Өстім, толдым, есейдім» - деп жігіттік шаққа жеткен Мәди оның шығармашылығы ғана емес, жеке өмірі де көпке қызық екенін жасырмайды. Әншінің жанұясы да: «Сүйгенің бар ма?», «Қашан шаңырақ көтересің?» деп сұрайтынын да бұғып қалмады.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Әли үйленген соң кішкене былай маған переключение кетті да, кішкене былай жайлап сұрай бастады. Қашан, қызың бар ма деп бірақ енді өтірік айтпаймын қызым жоқ. Бірақ мені асықтырмайды. Сонысы ұнайды маған. Мен айтамын әзірше ерте деп. Аяққа тұрып алғым келеді. Белгілі бір деңгейге шыққым келеді. Жай ғана самостоятельностьке келгім келеді. Толығымен бәрін өзім жасайтындай тойымды, жалпы бәрін өзім жасайтын деңгейге келгім келеді.

- Мәди Рымбаев айына осынша қаражат табады деп қанша цифрды айта аламыз?

- Стипендиям бар.

- Қашан бітіресің?

- Мен қазір магистратурада оқимын, 2 курс, соңғы семестр қалды. Сөйтіп тәмамдаймын, ақшам бітеді деп па.

- Ал стипендия қанша?

- Стипендия ресми ақпарат бойынша 85 мың ба сондай. Бірақ онымен қатар мен кішкене табысым бар. Мен аранжировщик боп істеймін. Түрлі каналға, түрлі бағдарламаға джингл немесе аранжировка немесе бір шыққан әндерге жасаймын. Сөйтіп-сөйтіп өзіме кішкене табамын.

Айдана Шалқар, @aiudna

- «Қоштаспаймын» трегінің релизі осы жылдың көктеміне белгіленді. Мәдидің жүрегінен шыққан сиқырлы сингл көптің көңілін баурай ала ма? Ғашықтар арасында мейнстримге айнала ма? Чарттар анықтайды.