Мейірғат Амангелдин келіншегімен неге тіл табыса алмай жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

Мейірғат Амангелдиннің жағдайы мәз емес. Оған себеп – әйелімен тіл табыса алмауы. «Агрессивті мінезімнен арыла алмай жүрмін»-дейді актер. Бұл - «Родной-2» картинасының сюжеті. Көріп тұрғандарыңыздай, қазір премьерадамыз.

- «Роднойдың» бірінші бөлімінде агрессивті болған едіңіз. Агрессивті образда болдыңыз. Ал осы жолы ше?

Мейірғат Амангелдин, актер:

- Осы жолы ол агрессия басылады, бірақ қатты емес, өйткені жаңа кикілжіңдер басталады. Жаңа проблемалар, жаңа ұрыстар деген секілді.

- Өмірде де сіздің жарыңыз Арайлым да өте нәзік жан. Ал кинодағыдай агрессия көрсететін кездеріңіз бола ма өмірде?

- Болады. Болады.

- Мәселен?

- Қазір айналада болып жатқан оқиғаларға байланысты кішкене өзімізді басып жүрміз. Иә енді болады ғой. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейді. Ондай ұрыс-керіс боп тұрады. Бірақ енді артық кетпеуге тырысамыз.

Мейірғаттың фильмдегі жары – Индира Сабирова. Жұп картинаның бірінші бөлімінде ажырасып кете жаздаса, бұл жолы балалы болуды арман етеді.

Индира Сабирова, актриса:

- Бұл екінші бөлімде ажырасу мәселесі жойылса да, бірақ күйеуімен басқа мәселесі бар. Ол – бала мәселесі. Олар бірінші сезонда баланы асырап алды ғой, бірақ дегенмен де тағы да балалы болғысы келеді.

- Ал өмірде ше? Жұбайыңызбен осындай түсініспеушіліктерге келіп қалатын сәттер жиі бола ма?

- Жоқ, өтірік айтқаным емес, расымен де жас айырмашылығымызға байланысты шығар мүмкін, арамыз 5 жас және де ол кісінің өзіндік бір қағидалары, ұстанымдары бар маған жақсы сәйкес келетін.

Еламан Есентаев, кинопродюсер:

- Тәжірибе жиналып жатыр, үйренетін нәрселер өте көп. Әлі де толықтай профессионалды мықты продюсер емеспін. Енді үйреніп жүрмін, былай жақсы сияқты.

- Бұл негізі актерлық құрамы топ фильм. Барлығының гонорарын төлеп қойдыңыз ба?

- Иә, барлығын төлеп қойдым. Ешкімге қарыз емеспін. Тек қана дыбыс режиссерына қарызбын. Оны бүгін беремін.

- Қанша қарызсыз?

- 1 млн 800-дей ғой деймін, қателеспесем.

- Әнел Кенжебекова да бұл фильмде төбе көрсетеді. Ол айтқан еді: Еламан енді досым болғаннан кейін гонорарға келгенде кішкене саудаласу болды деп. Яғни, қазақпыз ғой деген әңгіме болды ғой иә?

- Әр актермен саудаластым, бірақ олай қатты түсіріп тастаған жоқпын. Өздерінікін айтты, мен өзімдікін айттым проект қызық болса давайте деген сияқты. Сөйтіп общий язык тауып келіскен болатынбыз.

Еламан - картинада сіңірі шыққан кедей әрі не істесе де қайынжұртына жақпайтын күйеубала. Ал, оның экрандағы келіншегі – Ақерке Арыс.

- Біз байқадық, Катя үнемі күйеуіне жол сілтеп жүретін кейіпкер ретінде көзге түсті. Ал өмірде ше? Үйде отағасының айтқаны заң ба?

Ақерке Арыс, актриса:

- Ақша менде емес семьяда сразу айтайын, жұмсайтын кішкене бір бөлігін аламын, қалғанының бәрі күйеуімде. Шешімді барлығын қабылдайтын күйеуім, тек ақылдасу жағына кеңес беру жағынан берермін, бірақ соңғы шешімді күйеуім қабылдайды.

- Ал жездеміздің сіздің ата-анаңызбен қарым-қатынасы қандай?

- Менің папам мен күйеуімнің өте қатты ұқсастықтары бар. Сол үшін менің папам өте жақсы көреді Әсетті, өте ашық, барлық нәрсеге иілгіш деген сияқты.

Комедияда Сапар, Катя, Айдос, Әлия есімді кейіпкерлерден бөлек тағы бір жаңа персонаж бар. Өмірден өз орнын таппаған, махаббатта жолы болмаған сылқымның рөлінде – Әсел Асқар.

Әсел Асқар, актриса:

- Сондай бір жексұрын қыздар болады ғой, такая жүріп қалған, еркектердің мойнына асыла салатын. Сондай бір бүйтіп қалған қыз. Өмірдегі болмысыма ұқсамайды.

Айта кету керек, Әселді Аиданың рөліне бекітпес бұрын, түрлі қызық жағдай да орын алған.

Әсел Асқар, актриса:

- Көкірегі үлкен, сондай бір секси стервозная қыз керек деді. Маған хабарласты. Еламанның қалыңдығы менің оқырманым екен. Сол мені көрсетіпті. Маған звондады. Мен маған бірінші бөлімді жіберші мен көрейін дедім. Көрдік, менің суреттерімді сұрады. Режиссер менің ойынымды көрді да, бірақ көкірегі кішкентай деді, келмейді деді. Ой намысыма тигенін-ай, енді әйел адам болғаннан кейін түсінікті ғой иә. Өте ауыр тиді да сөздері. Жындандым. Сосын Еламанға айттым короче түсіресің ба түсірмейсің ба дедім, Аселья болды түсіреміз деді.

Актерлық кастқа жаңадан қосылған Әсел ғана емес. Бұл тізімде Ақболат Өтебай да бар. Фильмде – ешкімді менсінбейтін, кедейлерге мұрнын шүйіре қарайтын, қайын ененің көңілін табамын деп өтірікті судай сапыратын кейіпкердің рөлінде.

Ақболат Өтебай, кинопродюсер, актер:

- Ол жерде антогонист қой. Қайда, не ойнайын деп жатқанымды түсініп бардым. Менен көп ештеңе күтпей-ақ қойыңыздар. Бірақ оқиғаны Еламан мен Ақеркенің өзі күшті алып шығады.

Айдана Шалқар, @aiudna

«Родной» картинасының бірінші бөлімі 1 млрдтан аса касса жинап, топ жарған еді. Комедияның жалғасы бұл көрсеткіштен асып түсе ме әлде прокаттағы өзге фильмдер дес бермей ме? Көрермен құзырында.