Сегізбұрышты серік етіп, жекпе-жекте жұдырықтасу идеясы Ерланға жақын күндері келген. Сайдың тасындай іріктелген сайыпқыран болудың жолын іздеп жүрген тұста бұл спортқа қызығушылығы артқан. Нақтырақ айтсақ, депрессиядан соңғы - трансоформация. Бұған қоса, есімін брендке айналдырғысы келеді.
Ерлан Құлмұрзин, актер:
- Сен өте құпия жансың, желіде бірде барсың, бірде жоқсың, біресе белсендісің оған не себеп?
- Қазір ондай емеспін, бұрын сондай болатынмын, бұған бір себеп жоқ, бұл адамның бір сондай бір кезеңдері болады өзі қуатын.Сол бір қуудың буында жүрген бір адам болдық қой. Қазір керісінше қолға алып, жақсы бір жүргізуге тырысып жатырмын.
Соңғы жылдары өз-өзімді түсіне алмадым деген Ерлан, жекпе-жек есін жидырады деген сенімде. Актер қазіргі таңда спорт залдан шықпайды.
Ерлан Құлмұрзин, актер:
- Бір жаңалық бар киноға қатысты емес, спорт саласынан шығып өзімді көрсем деп ба деп... Неге десеңіз, кезінде мысалы ақындарымызды момын болып кеткен кезде момындарды атқа отырғызған. Тентектерді қой баққызған. Сондай бір өзім бір осы өнерде жүрген соң, бір қиялданып кетпей-ақ қояйын, шамалы босап қалмайын деген ниетпен өзімді спорт жағынан да көрсем ба деген бір ой бар.
- Қандай спорт?
- Төбелес, жекпе-жек.
Еске сала кетейік, бүгінде танымалдар арасында Бексұлтан Піләл RFС Fighting-тің медиа-чемпионы. Сондай-ақ, файтер-актер Еркебұлан Тоқтар әр жекпе-жегінен шоу жасап жүр.
Ерлан Құлмұрзин, актер:
- Қазіргі таңда медиа тұлғалар арасында да жекпе-жек болып жүр ғой?
- Иә, иә. Сол медиа тұлғалардың арасында 1-2.
- Дайындық ше?
- Дайындық өте құпия түрде десең иә. Жоқ жақсы дайындық болып жатыр. Кәдімгі дайындық.
- Қорықпайсың ба?
- Неден қорқасың, еркек ол соққы алғаннан қорықпау керек, еркекке сол тек сөз әсер етпесе, сүйектен өтетіндей. Басқа ештеңе әсер етпейді.
Аралас жекпе-жек шебері атанамын деген Ерлан Құлмұрзин актерлығын да ұмыт қалдырмайды. Ол екі саланы да қатар алып жүремін деп отыр. Олай болса, Ерланға шексіз медиа әлемінде шектеліп қалма деп тілейміз.