Қазақ сәйгүлігі Дубайдағы бәйгеде миллион доллар ұтып алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қабірхан – таза ағылшын тұқымды жануар. Америка Құрама Штаттарында дүниеге келген. Ал оны 1,5 жасында сатып алған Батыс Қазақстандық атбегі - Тілек Мұқанбетқалиев. Алғашында Алматылық ипподромда бапталған жүйрік ат небәрі 2 жасынан бастап, Қазақстанның 9 бәйгесінде чемпион атанған. 3 жасында 30 жылдық тәжіриебесі бар кәсіби бапкер Дуг Ватсонның қарамағына арнайы Ресейге жіберілген. Сосын, Қабірхан Дубайға жолдама алды.

Тілек Мұқанбетқалиев, атбегі, Қабірханның иесі:

- Эмоция ол жүрекке сыйған жоқ. Енді өткенде де айттым ғой, бірінші күні келгенде де, әлі де бәрі құттықтап жатыр. Енді Кабирхан дүниежүзіне белгілі уже. Оны ағылшын прессасы жазып жатыр, АҚШ прессасы, Еуропа да жазып жатыр.

 

Дубай шаһарында ұйымдастырылған асыл тұқымдылар арасында өтетін классикалық бәйгеде Қабірхан 2000 метрлік жарыста 1 минут 57 секундтың арасында 11 қарсыласын шаң қаптырды. Сәйгүліктің тізгінін бапкері Дуг Ватсонның шәкірті, кәсіби шабандоз ұстаған.

Тілек Мұқанбетқалиев, атбегі, Қабірханның иесі:

- Жаттықтырушы АҚШ бапкері – Дуг Ватсон деген. Ол соңғы отыз жылдай бапкер болып жұмыс істейді Дубайда. Ол ат мына асыл тұқым болған сон олардың мына дайындығы өте бөлек. Мына адамнан да бөлек бүкіл витаминдер нетеді, бәрін қарайды. Оны күніне бір рет шампуньмен жуады, жылы сумен жуады. Бәрін өте мұқият қарайды.

 

Қазақстан атынан номер бірінші элиталы бәйгеге қатысып, алғаш рет жеңімпаз атанған Қабірхан бұл спорт түріне көпшіліктің қызығушылын арттырды. Тіпті 4 жасар айғырдың иесіне әлемнің түкпір-түкпірінен «сатшы» деп ұсыныс тастап жатқандар да жетерлік.

Тілек Мұқанбетқалиев, атбегі, Қабірханның иесі:

- Әрине мына Кабирханның ұтысы үлкен итеріс болды. Басқа атбегілер Дубайға апарғысы келеді. Онда екінші Кабирхан да шығуы мүмкін, үшінші Кабирхан да шығуы мүмкін. Ондай үміттер бар біздің арамызда да, мына аттар да бар, өзімде де бар. Ресейде қазір екі ат дайындап жатырмын. Ол да жақсы күйінде тұр. Мына Қазақстанда, мына осы Алматы ипподромында да бар.

 

Жүйрік сәйгүлік енді Dubai World Cup бәйгесінің финалында 30 наурыз күні бақ сынайды. Доданың жүлде қоры – 12 млн доллар. Ең әйгілі аламан 27 жыл бойы өткізіліп келеді.

Тілек Мұқанбетқалиев, атбегі, Қабірханның иесі:

- Соның бәрі бапкермен ақылдасып, мына достарыммен ақылдасып, өзімнің шешіміммен оны мен Дубайға жібердім. Қазір енді өзіңіз көріп отырсыз жарыстарын, финалға қатысайын деп жатыр 30-шы наурызда.

 

Ал 26-шы қаңтарда болған Аль Мактум челленджінің алғашқы топтық жарысында Қабірхан 1 млн долларға ие болған еді.

Тілек Мұқанбетқалиев, атбегі, Қабірханның иесі:

- Ол әлі түскен жоқ. Түссе, мына.. осы ат ат спортына жұмсалады.

Қазіргі таңда Қабірханның бапкері оны сайысқа Араб Әмірілігінде дайындып жатыр. Ұшқыр аттарға қойылатын талап өте жоғары болғандақтын текті тұлпар 2 ай бойы үздіксіз жаттықпақ.