Айдар Асқарбек, актер:
- Айлананы да өкінішке орай біраз болды... 1-2 ай болды ғой.
Айдар Асқарбек бізге берген сұқбатында дәл осылай шағым айтқан-ды. Актердің Айланамен жиі жүздесе алмауына себеп көп. Қос танымалдың тығыз жұмыс кестесі, Жарқынайдың бас қалаға көшіп кетуі.
Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:
- Айдар білесіздер, қазір ол көп түсірілімдерде болды, осы жылы өзінің актерлық шеберлігіне байланысты, мамандығына байланысты деп айтуға болады. Осы жылы өте көп съемка болды. Содан кейін мен Астана қаласында тұрып жатырмын, сондықтан иә, әке мен бала көруісуге көп мүмкіндік болған жоқ. Бірақ мен жазда алып келдім. Одан кейін міне қазір Айлана мен Айдар екеуі бірге.
Жарқынай Ханайым желіде белсенді. Контентінің басым бөлігі - қызы Айлана.
Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:
- Бір қызығы, қызыңыз инста жұлдыз болып кетті. Өте артистияная.
- Менің қызымның әртістік қабілетіне ешкім таңқалмайтын сияқты. Оның енді мен жағынан да әкесі жағынан да әкесі жағынан да, басқа амалы да жоқ сияқты. Сондықтан иә оқырмандарым да байқайды. Өзім де байқаймын, Айлана әр күнде кешке жеке концертін береді билейді. Эмоциясы да жарқын, өзгеше. Сондықтан алда Құдай қаласа мүмкін Айлана да әртіс адам болып қалады. Оған менде, әкесі де қарсы емес.
- Яғни өнерді таңдаса қолдайсыздар?
- Әрине қолдаймыз, қорғаймыз, қолдаймыз.
- Сіздер жайлы ақпарат тараса миллиондаған қаралым жинайды, үлкен бір резонанс тудырып кетеді. Оған не себеп деп ойлайсыз?
- Ол бір тек қана нағыз халықтың махаббаты деп те айта аламын. Айлана енді білесіздер, махаббаттан туған бала. Әрине бәрі қарайды, бақылайды.
Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:
- Сіз енді мықты актрисасыз, біз оған куә болып жүрміз. Үлкен экрандардан неге көрінбей кеттіңіз?
- Жүргізушіліктің жауапкершілігі мен актерлық шеберлік, яғни актрисаның гастрольный съемкаларын барлығын бірдей жасау, тоғыстыру қиын екен. Сондықтан Алматы қаласына оралып қазір осында телесериалға түсіп жатырмын.
- Қосымша театрдасыз?
– 2023-те мен декрет демалысынан шықтым, содан кейін де бір жақтан театрдағы өнерімді де қалыптастырдым, «Астана мюзикл» театры және де «ArtKöshe» театрында біз осы жылы гастрольменен Алматы, Астана қаласында гастрольдік сапарларды қойдық.