«Жездуха» – Нышанбек Жұбанаевқа қарыз ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

«Жайдарманда» чемпион болғаннан кейін, енді не істейміз демеген жалғыз команда. Үш жыл бұрын шағын құраммен басталған «Жездуха» сериалы бүгінде трендтен түспейді. Тіпті оқиға желісімен толықметр таспалады. Ал бүгін веб-сериалдың соңғы бөлімі.

«Жездуха» веб-сериалы 2020 жылдың маусым айында көрерменге жол тартқан еді. Ютуб тренд тізімінде көш бастамаған кезі жоқ. «Халыққа өтімді екенін байқаған бойда, қоғамда көңіліміз толмайтын тұстарды әзілмен жеткізуге тырыстық»,-дейді Қанат.

Қанат Тасхан, «Миллион» командасының мүшесі:

– Оның бір дәлелі біздің бір ауылда, жалпы қоғамда анандай нәрсе модаға айналды ғой: туған күні болған жігіттің бетіне торт ұрып. Сол нәрсе менің жаныма қатты тиетін. Өзім сол сериалдың ішіне қосып, айтып, содан бері тіфәй-тіфәй мен ондай жастар көрген жоқпын.

«Миллион» команда болып 2013 жылы құрылған. «Бізге әр сәт ыстық. Құрамадағы адамдар достан бұрын, бауыр болып кеткендей,-дейді Мансар.

Мансар Орынхан, «Миллион» командасының мүшесі:

– Басында қиын болып жүрген. Кімнің шын дос, кімнің кім екенін ажырата алмай.

- Команда құрылған кезде ма?

- Жоқ, жалпы біз «Жездуха» киносымен таныла бастаған кезде достарымыз көбейе бастады. Кейін бірақ сарапталып-сарапталып нағыз достар шықты.

«Жездуханың» Айжамалы, «Миллионның» Мақсаты. Айжамалдың мамасы мен Қанат қорытынды бөлімде татуласа ма?

Мақсат Бөбей, «Миллион» командасының мүшесі:

– Иә. Татуласады. Өте күшті болады. Той болады. Тойда кеп татуласады.

– Жалпы түсірілім болып жатыр ғой негізі. Бірақ кәдімгідей жағдайды жасап қойғансыздар иә? Үнемі солай ма?

Ерболат Зарқұмов, «Миллион» командасының мүшесі:

– Кәуәп енді бұл...

- Бұл реквизит па?

- Бұл реквизит қой шыны керек. Бірақ түсіп болғаннан кейін өзіміз ұрып аламыз. Сыбырлап сөйлейік. Өйткені съемка басталды ғой деймін иә?

– Көпшілігі «Миллион» құрамасының ауызбіршілігіне қызығады.

- Иә, бізге біраз нәрсе берді ғой «Жездуха» арқылы. Кино саласында үлкен үлесі көп болды. Ағалармен таныстық. Кіммен қалай жұмыс істеу керек жалпы. Біз енді профиссиональный актер болмасақ та, әйтеуір көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұра дейді.

«Жездуханың» Шәріпі. Шын өмірде аты – Бағлан. Көбісі сізді жасы үлкен аға деп ойлап қалатын шығар иә? Негізі нешедесіз?

Бағлан Шеріпбаев, әзілкеш:

– Негізі 98 жылғымын. 25-темін. Жаспыз ғой. Шәріп деген рөлге келдім. Осы мұрт үлкен кісі қылады. Жабыстырып, ұра бересің короче.

«Жездуха» сізге не берді? Маған тиіп кетті ғой. Қанат қой.

Веб-сериал біткенімен, «Жездуха» 15 ақпаннан бастап толықметр болып үлкен экрандарға жол тартады. Фильмде: Сафуан Шаймерденов, Салтанат Серкебаева, Нышанбек Жұбанаев сынды актерлар төбе көрсеткен. Бірақ «Миллиондықтардың» іштей бір «Бірағы» бар болып шықты.

Қанат Тасхан, «Миллион» командасының мүшесі:

– Барлығына үлкен рақмет айтамыз! 15 ақпан келіңіздер. Нышанбек аға сіз де келіңіз. Бізге ренжіп жүр екенсіз гонорарымды толық бермеді деп. Оны сол жақта сөйлесіп шешіп аламыз. Жақсы. Сондықтан Нышанбек аға телефоныңызды алсаңыз дейміз.

Қанаттың өзі жағдайды түсіндіруге тырысып бақты.

Қанат Тасхан, «Миллион» командасының мүшесі:

– Гонорар болғанда енді білмеймін. Баяғыдай қолма қол беру деген жоқ екен ғой. Үлкен киноға кеп жатқаннан кейін. Біздің атқарушы продюсеріміз бар. Қанат есімді жігіт. Сол кісілерге бергенбіз. Бізге жеткен ақпарат: толық берілмеді. Бірақ біз продюсерлерден сұрасақ, толық бердік дейді. Сондай түсініксіз жағдайлар болып жатыр. Жүзбе жүз кездескен жоқпыз. Ол кісінің уақыты болмай жатыр, ол кісінің уақыты болса, біздің уақыт болмай жатыр. Бір кездесіп шешіп алғанымыз дұрыс. Біз бір өнерде болғаннан кейін, ешкіммен ұрыспай, ренжіспей жүрген дұрыс деп ойлаймыз.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Қанат пен Айжамалдың, Мансар мен Еромның оқиғасы осымен тәмәм. «Жездуха» 49 бөліммен тоқтайды. Бірақ көрермен сүйіп көретін кейіпкерлер туралы хикая, 15 ақпаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады.