Жансерік Қадырбаевтың тынысы тарылып жүр.

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Сабырға бағындырайық өкпені,

Осы сәтте ең керегі оттегі.

Ағза қалыпты жұмыс істеуі үшін ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Қазір біз тұрған таудың етегіндегі «Табаған» ауылында көрсеткіш қалыпты. Бірақ, тұрғындарына мейірім мен махаббат қат.

Жансерік Қадырбаев бұдан былай кинопродюсер! Блогер өзінің жеке толықметрінің түсіріліміне кірісті. Командада Қадырбаевтың достары да бар. Бірақ актер ретінде емес.

«Оттегі» фильмінің креативті продюсері – Марғұлан Әден. Сенің міндетіңе не кіреді? Жіктеп айтып берші.

Марғұлан Әден, блогер:

– Менің міндетіме осы киноның маркетингі. Қазіргі съемкадан бастап, премьераға дейін және премьерадан кейін полностью контентке жауап береміз.

– Маған берген сұқбатыңда ақпан айында тойым болады деген едің. Дайындық қалай болып жатыр? Әлде кейінге шегерілді ма? Айтқаныңа өкініп қалдың ба?

– Жоқ. Дайындық параллельно жүріп жатыр.

- Қиын емес па?

- Жоқ, қиын емес. Өзімнің жұмыстарым бар, маған тапсырылған. Соны істеп жатырмын. Тойда көбінесе жұмыстар мама-папаларда ғой.

- Мен тек ақшасын беріп отырамын деші.

- Материально беріп қоясың, өздері алатындарын алады.

«Оттегі» картинасында басты рөлде – Олжас Абай. Фильмнің сюжеттік желісі Олжасқа арнайы жазылған екен. Толықметрдегі оқиға Қазақстандағы қарттар мен балалар үйі төңірегінде өрбиді.

– Мұнда кімді ойнайсың? Бұл басқа образдарыңа ұқсас па?

Олжас Абай, актер:

– Осы уақытқа дейін түскен образдарыма ұқсамайды. Біріншіден бұл фильм – драма. Бұрын жүріп қалған, бандит болған. Бірақ та кейіннен бизнеспен айналысатын, бірақ ауыратын. Денсаулығына байланысты. Немен ауыратынын енді айтпай-ақ қояйық. Киноға кішкене құпия болсын.

– Бұрыннан Қадырбаев деген блогерді білуші ма едің?

- Жоқ, білмейді екем. Ұсыныс продюсерден, Саматтан. Самат өзі шақырды: алғашқы режиссерлік кином болайын деп тұр. Содан кейін келістік.

Қазақстандағы ақсап тұрған тұсты толықметрде көтеру – Самат Сыржанның идеясы. Лентаға дайындық жыл жүрді,-дейді ол.

«Оттегі» толықметрінің режиссеры – Самат Сыржан. Жалпы идея авторы да, сценарист те өзіңіз. Қалай басталды?

Самат Сыржан, автор, режиссер:

– Вообще бұл идея бұрыннан болған. Жаңалық шықты: Канада да және Норвегияда осындай эксперимент болған деп. Сол жаңалықты оқып қалам да, маған қатты ұнайды. Идея ретінде өзіме жазып, неге Қазақстанда осы тақырыпта бір драма жазып, түсіріп көрмеске деймін. Бұл идеямен өзімнің досым Жансерік деген бала бар, Қадырбаев. Сол жігітке айтам, біз бір үйде тұрамыз. И оған қатты ұнайды.

«Оттегі» картинасының бас продюсері – Жансерік Қадырбаев. «Көкейдегі көп арманның бірін іске асырып жатырмын. Прокаттан түскен қаражаттың бір бөлігі қарттар мен балалар үйіне аударылады»,-дейді Қадырбаев.

– Жансерік, киноға басқан қадамың құтты болсын! Негізі көзіндегі көзілдірікті: көрермен көзімдегі уайымды көрмесінші деп тағып алдым,-дейді. Шынымен қатты қобалжып тұрсың ба?

Жансерік Қадырбаев, блогер, кинопродюсер:

– Қобалжу, уайым шыны керек. Көрерменнің көңілінен шыға ма, түсірілім аман есен аяқтала ма деген сияқты жауапкершілік те көп екен. Енді көп ақша жатқан жерде көп жауапкершілік болады.

– Біреудің ақшасын санағанды жақсы көремін. Қанша бар?

– Енді әлі кетіп жатыр ғой. Жалпы қазіргі сметасынан бөлек, маркетинг былай ойласаң бір жарты миллион доллардың төңірегіне барады. Екі жүз миллионға баратын сияқты болып отыр енді. Қолдан келгенше енді. Дебютант басқа деп қарамаймыз.

Сондай-ақ лентада: Асан Мәжит, Ерболат Әлқожа, «Рэкетир» фильміндегі Саян яғни Саят Исембаев та төбе көрсетеді.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Түсірілімі қаңтарда басталған толықметрдің прокаты, сәуір айында. Құдды конвейр. Ал таразыға сапаны көрермен тартады.