Нұрлан Қоянбаев «Қазақша бизнес Бразилияда» комедиясының презентациясын неге жасамады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– 1 млн 400 мың теңге бір билет Бразилияға дейін эконом класс. Бразилияға барамыз деп шештік. Грецияда түсіруге болады, жақын жерде. Вьетнам, Қытай деген сияқты. Бәсекелестік болуы керек. Қазір отандық киноларда осы киноны жеңу керек, осы киноны ұту керек деген ой туындап жатыр да. Ол өте жақсы. Сол бәсекелестік ары қарай қиындау үшін біз Бразилияны таңдадық.

Жабық көрсетілім, тұсаукесер тусовка! Биыл Қоянбаев мұның бәрінен бас тартты. Апта сайын шығып жатқан көп киноның сансыз презентациясы сынды жиын жасағым келген жоқ деп отыр.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Бразилия 600 мың доллардай кетті ғой. Таза ақша ғой. Оның ішінде менің айлығым жоқ. Рекламаға кетіп жатқан ақша жоқ оның ішінде. Кейде ойлайды. Нұрлан ақша үшін кино түсіріп жатыр деп. Бразиялияға барып, 600 мың долларға кино түсіріп көріңдер деймін да, кейбір продюсерлерге. Оңай емес, Қазақша бизнес 1-ші орында болғаннан кейін, көрермен қолдау жағынан, қаралым жағынан. Көп әңгімелер болады.

Нұрлан Қоянбаев – трендсеттер! Сондықтан болар, бұл жолы да жаңашылдық көзге ұрып тұр. Әуелі – режиссерлік пен сценраий түзу ісін – Әлішер Утевке тапсырған.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Алиш өте мықты режиссер. Бірақ, өзінің стилистикасы бар. Қазақша бизнес осы жолы мүлдем басқаша. Бұл жерде бір линия бар. Драмаға чуть жақындау.

Рамазан Амантай, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев сынды тұрақты актерлық құрам - эпозодтық рөлдерде ғана бой көрсетеді. Ал, Берік Тұрсынбеков пен Мақсат Рақметті басты рөлге белгілеген. Көрермен пікірі екіұдай.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Біз 8 жыл қазақша бизнесті түсіріп жатырмыз. Көрерменге жаңа бір жолдар керек. Рамазан да, Жан да, Қажет те бәрі басында болады. Басында да, аяғынада да, соңында да Гүлназ бәрі бар. Бірақ, Бразилияға баратын құрам – Берік, Мақсат, мен. Сондықтан шамалы өзгерістер бар. Ол бәрі көрермен үшін.

– 7-ші бөлімнен тоқтай салатын ой да бар. Екіншіден бір ойлайтыным неге ол тоқтауы керек? Мен оны керісінше жақсылап жасап, сұраныс бар. Күштірек жасайын деген ойлар бар.

«Қазақша бизнес Бразилияда» комедиясымен қатар прокат көшіне «Дәстүр» хорроры да қосылды. Әлеуметтік желідегі астарлы маркетингтен ұққанымыз – олардың арасында бәсеке бар. Нұрлан мырза керісінше күш біріктіруіміз қажет дейді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Қазақша бизнес киносы Қазақстандық кинолардың жаңа жылға тұруына үлкен үлес қосқан кинолардың бірі. Ол оларға жау емес. Біздің комедиямыздың алдында ол хоррор, драмалар қайда жүрді? Біздің кинотеатрдан 1-2 сеанс ала алмай жүрді ғой. Сол комедияның арқасында қазақ киносына сеніп, сеанс беріп жатыр. Жаңа жылда шетелдің 8 киносын көрсетеді да, қалған 3 қазақтың киносы бір-бірімен қырылысуы керек? Бұл 3 қазақ киносы бір-бірін қолдауы керек.