Тұрар Ыдырыс бостандығыма ие болдым дейді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Тұрар 2023 жылы тур берді, киноға түсті, 20 миллион теңгеге клип түсірді. Мен тағы нені ұмытып кеттім? Нені айта аласың?

Тұрар Ыдырыс, әнші:

– Продюсеріне машина подарить етті де.

– Панамера Назира ханымға кетті. Компромисс табуда сен қадам жасадың ба?

- Иә, мен. Шаршап кеттім жалпы. Жақсы болып жүру керек қой. Сондықтан осындай шешім қабылдадым. Бостандығыма ие болдым.

- Добби свободен ба?

- Іммм.

Қазір Назира ханым мен Тұрардың қарым-қатынасы тұрақты. Экс-әріптестер әлеужелілерде бірін бірі фолловерлер қатарына да қосқан. – Бұл шешім қанша уақыт аралығында...

Тұрар Ыдырыс, әнші:

– Бір жыл ғой. Ровно бір жыл. Былай эмоционально қиын сәттер болды ғой. Содан кейін бір жыл керек болған шығар может. Осындай шешім қабылдауға. Ол кісіге де, маған да уақыт керек болған шығар. Қазір бәрі жақсы главное.

Тұрар 2023 жылдың соңында жыл жалғасқан жанжалға нүкте қойды. Құны 30 миллион теңгеге жуық иномаркасын экс-продюсері Назира ханымға тарту етті. Осылайша екі жақ ымыраға келген.

– Менің білуімше, шоу-бизнесте әлі ешқандай әртіс продюсеріне көлік сыйламаған. Назира ханым бұл бұл тартуыңды қалай қабылдады?

Тұрар Ыдырыс, әнші:

– Жақсы қабылдады. Оны енді кім жаман қабылдайды? Енді біраз адамдар продюсерімен онша емес кетеді ғой. Менде де солай болды ғой енді басында. Өзі бір сондай нәрсе ажырасу сияқты. Бірақ... Неге мүмкіндік болса, олай жасамасқа? Шүкір, мүмкіндік бар.

– Көлік сыйлағаннан кейін, сенің клиптерің, концертің ютуб хостингіне жүктелді. Кезіндегі тректерің музыкалық платформаларға салынды. Бұл өзара шығармашылық бартер ма?

Тұрар Ыдырыс, әнші:

– Бартер емес. Ол жерде салынды бірдеңе болғанда, ол просто уақытша блокта тұрған ғой. Сосын қайтадан шығара салған. Ашуы басылды деп айтайық та.

– Яғни дистрибютция NG продакшнда қалды иә?

- Иә, иә.

Иә, кезіндегі Тұрардың трендтегі тректері желіге жүктелгені сол-ақ, қайта жаңа демге ие болғандай. Қаралым саны күн санап артуда. Экс-продюсеріне көлік сыйлап, шығармашылығын жандандырған Ыдырыс-тегі жаяу қалмады. 2023 жылғы су жаңа жол талғамайтын көлік мінді.