Көрермен 50-60 жылдардағы дәуірге ену үшін үлкен еңбек жасалған. Ескі реквизиттерден арнайы декорация құрылып, раритет көліктер, бутофор қарулар қолданылған. Тарихи деректер ашық айтылып, оқиға боямасыз баяндалған. Бұл – НТК арнасы үшін түсіріліп жатқан – Түнде атылған оқ криминалды драмасы.
Оқиға желісі – Рақым шопанның жансыз мүрдесінің жапан даладан табылуынан басталады. Істі – майор Ділдәбеков, капитан Майлыбаев пен полковник Дайыров майшаммен қарауда. Тыңғылықты тергеу үш қызыл жағалының қолынан келе ме?
«Түнде атылған оқ» сериалына - Кемел Тоқаевтың зерттеулері мен повестері арқау болған. Еске салсақ, жазушы Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі. Басты рөлдердің бірінде театр және кино актеры – Ермек Шынболатов.
Ермек Шынболатов, актер:
- Маған ең қатты ұнағаны сол стилистика, 60-40 жылдары, ол кезде КГБ, ол кездегі мына Совет үкіметі, ол кезде қазіргіге қарағанда бәрі күрделі болды ғой. Тақырыпты айту қиын, қазірдегідей мысалыға, ол кезде техника қатты дамымаған, көбінесе адами фактор.
Қысқасы, жоба авторлары жаңа картина әлемге әйгілі Конан Дойлдың атақты Шерлок Холмсынан кем түспейді деп отыр. Тың туындының таспалану техникасының өзі өзгеше. Мәселен, елімізде тұңғыш рет сериалды төрт режиссер түсіруде.
Олжас Нұрбай, режиссер:
- Бұл жаңағы американдық жүйе, соны мен қолданып көріп жатырмын. Себебі жоба үлкен, бір режиссерға беру, қиындау болуы мүмкін. Режиссер шаршап қалуы мүмкін, сондықтан свежесть дейді ғой соны сақтау үшін біз екі режиссер таңдадық. Олардың бір-бірмен синхронизация болуы ол менің тікелей міндетім. Біздің мақсатымыз – тек оқиғаларды көрсету емес, оқиғалар арқылы жеке бас трагедиясын көрсету.
Телехиканы таспалау үшін актерлар жіті іріктелген. Себебі, сюжетке сай типажды таңдау оңайға соқпаған. Ал актерлар өз кезегінде тарихи зерттеу жүргізіп, жобаға жіті дайындалғандарын айтады.
Жұмағали Маханов, кино және театр актері:
- Біз енді қанша дегенмен сол Совет үкіметінің сол кездегі атомсферасын сол кездегі, сол кездегі өмірді, сол кездегі жалпы адамдардың писхологиясын бала болсақ та көріп қалдық қой, сондықтан бізге жақындау.
Ермек Шынболатов, кино және театр актері:
- Адами тұрғыда ғой, бұл жерде бір адамның белгілі кейіпкердің өмірбаны ғой. Өзінің бала кездегі трамвмалары, ол кейін * адам өскен кезде оған қалай әсер етеді. Бұл жерде тек детектив болғандықтан ол анандай сюжетті пайымдау емес. Одан бөлек человеческий фактор.
Телевизия тарихындағы тұңғыш тарихи криминалды детектив 16 бөлімнен тұрады. Сериалды НТК көрермені жаңа маусымда тамашалай алмақ. Сондықтан, қапы қалмаңыз!