Жұлдыз Өмірғали шаңырағынан айырылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Бір үйге үш қожайын! Шаңырақсыз, далада қалған танымалдар тізімінде: Жан Байжанбаев, Жұлдыз Өмірғали, Қажет Смағұл бар. Атақтылар арасында сұмдық дау, шешілмес мәселе туып отыр. Бұл бүгін тұсауы кесіліп жатқан «Менің үйім қайда?» толықметрінің сюжеттік желісі.

Оңтүстік, Батыс және Алматылық үш отбасы үйлі болғандарына қуанады. Бірақ жаңа шаңырақтың шаттығын сүйіншілеп үлгермейді. Алаяқтар бір баспананы үш бірдей әулетке сатып, сан соқтырып кеткен. Басты рөлдердің бірінде – Қажет Смағұл.

- Трейлерді көріп таңғалдық енді. Түсініп тұрған шығарсыз енді не туралы әңгіме болып жатқанын?

Қажет Смағұл, актер:

-Қажет неге шешініп жүгіріп жүр деп па? Тыржалаңаш.

– Білуімізше, толықметрге толықтай тыржалаңаш түскен тұңғыш актерсыз?

– Иә, солай болып тұр. Негізі жалпы совет өкіметінің киносында «Золотая коллеция» дейміз ғой. Алтын коллекцияның өзінде: Леонов «Полосатый рейста» түсті. Одан кейін Папанов «Бриллиантовая рука» судың астында ішкиімсіз қалып қалып, сосын мынау Қазақстанда осы.

Лаура Мырзахметованың бағын ашқан «Бақыт» толықметрі. Күйеуінен зәбір көрген келіншекті ойнаған Лаура: «Драмадан кейін, комедияға тұңғыш түсуім. Қай кейіпкер болмасын, оңай емес екен»,-дейді. Бір қызығы, Лаура төбе көрсеткен соңғы туындыны 1,5 жыл өтсе де жолдасы әлі қарамапты.

– Отбасыңыз мансабыңыздағы жаңа демді қалай қабылдап жатыр?

Лаура Мырзахметова, актриса:

– Отбасым болғанда, жолдасым. «Бақыт» фильмін көрген жоқ ол. Бірақ енді стористардан көреді ғой. Былай-былай түсінген шығар шет жағасын, қандай болып шыққанын.

-Өзіңіз өтіндіңіз ба көрмей-ақ қойшы деп?

-Достарым айтты, көрмей-ақ қой деді. Көрмесең, тыныш жүресің ғой деп ше.

 

Мырзахметованың күйеуі «Менің үйім қайда?» комедиясын тамашалауға уәде берген. Ал жабық көрсетілімге Жұлдыз Өмірғали жалғыз келді. Себебі, Айқын балаларға қарап үйде қалған. Жұлдыз кинода Шымкенттік жігіттің келіншегін ойнайды.

Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:

– Үйренгенде... Қаны үйренген жоқ әлі. Қызғаныш сезімі болады әрине ер адам болғаннан кейін. Отбасы болғаннан кейін. Сценаристарға көп-көп рақмет. Ешқандай артық сахнасыз, құшақтасу, сүйісу деген сахналар болған емес. Барлығы қарапайымша, өйстіп жаным-жаным деп сөйлейтіні бар. Болды.

Тағы бір басты рөлдердің бірі блогер – Шахризада Серіковаға бұйырған. Ол Алматылық отбасының жалғыз, еркетотай қызын ойнаған.

Бұл сен басты рөлді сомдаған тұңғыш толықметр. Әсерің қалай бөлісші?

Шахризада Серікова, блогер, актриса:

Ой, керемет әсер. Қатты қуанып тұрмын.

– Қалай шақырту алдың? Әлде кастингтен өттің ба?

– Әрине, жабық кастингқа шақырды. Бірден утвердить етті мені. Көрді, сразу: «Осы біздің кейіпкер»,-деді ғой маған.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Бір шаңырақ астындағы, үш отбасының өмірі көрсетілетін толықметрдің жабық көрсетілімінен шықтық. Көрермен керегін табады деген сенімдеміз.