Айдана Шалқар, @aiudna
Жігітке жеті өнер де аз. Театр, кино, енді әншілік. Әртүрлі образымен талай қойылымның жұлдызына айналған Дәурен Серғазин дәл қазір мына сахнада өзінің жеке әндерін орындамақ. Талантты актер осы кезге дейін талай спектакльге әуен жазып танылған еді. Ал, дәл қазір мына сахнада өзінің авторлық туындыларын орындайды.
Дәурен Серғазин, актер, әнші:
- Бұл концертке өкінішке орай 4-5 күн дайындалдық. Өйткені, біз жан жақта болдық та, аяқ астынан болды. Бәріміз жан жақта боп жиналып 4-5 күнде дайындалып. Енді кейбір әндерді бұрын айтып жүретінбіз театрда. Бірақ жаңадан қосылған әндер бар.
Серғазиннің қоржынында - 18 ән бар. Барлығы дерлік махаббат тақырыбында. Сезімге себепші бір жанның болары сөзсіз.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Жалпы Лирикалық ән жазатын сазгерлердің өзінің музасы болады. Сіздің музаңыз жұбайыңыз ғой, иә?
Дәурен Серғазин, актер, әнші:
Музаның құпиясы сонда оның кім екенін айтуға болмайды. Мүмкін ол, мүмкін ол емес. Муза деген ол құпия нәрсе. Сондықтан кім екенін айтпаймын, жалпы мен өнерде музасыз, шабытсыз жұмыс істей беретін адаммын.
Бұл кеште Дәурен Серғазин жалғыз болмады. Өнердегі серігі Мейірғат Амангельдин де бұл кештің басты жұлдызының бірі. Қос актер сахнада бар энергиясын жұмсап, келген көрерменді ерекше вайбқа бөледі.
-Ал Мейірғат ағамен дуэт айту кімнің идеясы болды?
Дәурен Серғазин, актер, әнші:
-Менің. Енді менен кіші ғой, театрда менің айтқанымды тыңдайды. Эй ән айтасың десем, болды болд деп артқа шегінетін жол жоқ оған. Сондықтан мен айттым, Мейірғат мақұл деді.
- Яғни, сіздің айтуыңыз бойынша театрда система бар, иә?
- Бүкіл театрда система бар. Жақсы мағынада. Бізде де бар. Біз енді дедтармыз, менің поколением дедтар, бұлар духтар, Мейірғаттың поколениесі духтар.
-Жаңа Дәурен аға айтып жатыр «менің айтқанымды істейді театрда» деген сияқты. Яғни, система бар, иә театрда?
Мейірғат Амангельдин, актер:
- Система деп айта алмаймын. Бірақ енді тәрбие ғой. Қай жерде де тәрбие ол, үйде де ағаңды тыңдайсың. Біздің қазақи тәрбиелік. Сондықтан ағаларымыздың сөзін екі етпеуге тырысамыз.
- Қазір Алматыда, отбасыңыздан жырақта түсірілімде жүрсіз. Жұбайыңызды, қызыңызды сағынған шығарсыз, иә?
Мейірғат Амангелдин, актер:
-Әрине, сағынасың ғой. Бірақ олар қасымда болды осы уақытқа дейін. Қазір ғана кетті Астанаға. Әрі кетсе 2 аптадан кейін барып қалам қастарына.
Актер қызы Адилиямен бірге ерекше тренд түсіріп, видео аз уақыттың ішінде 48 миллион қаралым жинап үлгерді.
Осыдан кейін әкелер мен қыздарға арналған жаңа тренд пайда болды. Бұл идея қайдан пайда болды?
Мейірғат Амангельдин, актер:
Бұл идея енді әйелімдікі. Сол екі жыл алдын түсірген болатынбыз. Тез-тез сол 1-2 минуттың ішінде түсірген видео болатын. Сөйтіп 1 айға жуық, 2 айдың ішінде 48 млн просмотр болды. Өзіміз таңғалып қалдық кәдімгідей. Кейде дайындалып кино түсіресің, оны айлап өткізесің ғой. Сонда 1 видео 48 млн просмотр жиналып кеткен. Енді ол жерде қызымның несі деп ойлаймын, ниеті шығар. Сондықтан өте қуаныштымын.
Айдана Шалқар, @aiudna
Осымен Дәурен Серғазиннің лайв концерті өз мәресіне жетті. Келген көрерменді ерекше эйфорияға бөлеген әртістен алдағы уақытта толыққанды альбом күтеміз.