Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Классикалық музыканы трендке шығарып, тыңдарман тарапынан сұранысқа ие болуына септігін тигізген – Бағжан Октябрь! Әп сәтте танылған виолончелист бір жылда солд-аутпен 150 концерт беріп рекорд орнатты. Бүгін Клайдикстың жаңартылған репертуарына куә боламыз!
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Бүгін портал ашылды ма ?
- Бүгін портал ашылды, маған өзіме ұнады. Бүгін өзімді еркін ұстадым, уайымдаған жоқпын.
- Біз білеміз сіздің алғашқы концертіңіз ең басында карантин кезінде 40 адамға жоспарлап, 80 адамдай келген еді бірақ, бүгінде сіз лық толы зал жинап жүрсіз. Ішіңізде мақтаныш сезімі бар ма ?
- Енді іштей шүкіршілік, қуаныш әрине бар. Бірақ анау айтқандай бір өзімді битіп әлі сезінбеппін, бұл күнге дейін.
Бағжанның «Терапия души» атты концерті талай тыңдарманның дертіне ем болғаны анық. Ал бүгінгі кеш түрік телехикаяларының хит саундтректерінен тұрады. Еске салсақ, Клайдкс таяуда ғана Түркияның бас қалалары Анталья мен Стамбулда концерт берді.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Қуантқаны залдың бір жиырма пайызы ғана қазақтар болған шығар. Одан қалғандары түріктер, орыстар, украиндықтар, ағылшындар. Арабтар көп болды. Сириядан, Дубайдан ұшып келген.
Бағжан Октябрь таяуда ғана қоныс тойын жасады. Ет жақындары мен туысқандарын жаңа үйіне жинаған Клайдикс зәулім сарай алу үшін тынбай еңбек еткен.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Жақында үй салдыңыз, баспанаңыз құтты болсын. Сол үйге келін әкелу жоспарда жоқ па ?
- Бар енді болады ғой бұйыртқан күні.
- Қазір жалғыз тұрасыз ?
- Жоқ мен әке-шешеммен тұрамын, әрдайым әке-шешеммен тұрамын. Әке щешем қарындастарым бар. Бір отбасы.
Бағжанның бүгінгі «The Best Of Turkish» концертінде түрік әндері ғана емес өзге елдің хит туындылары да орындалды. «Бұл кеш барысындағы тосый сый», - дейді виолончелист.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Келесі арманыңыз қандай ?
- Келесі арман үлкен жоспарлардың ішінде бұйыртса Алматыда қашан екенін айтпай-ақ қояйын бірақ, Балуан Шолақта концерт болады. Соған енді бар күшімізді саламыз.
- Бұған дейін сіз Алматы Аренада жоспарлаған едіңіз иә?
- Енді Алматы Арена әзірге бізге ерте деп ойлаймын.
- Неге жүрексінесіз бе әлде қорқасыз ба ?
- Ненің ақ, ненің қара екенін білеміз ғой десең. Бізге сол әзірге былай-былай өсеміз.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Көптеген тыңдармандар айтады сіздің концертіңізге келіп жаралы жүрегімізді емдеп кетеміз деп. Оған қалай қарайсыз ?
- Сол музыка мен виоленчелдің үнінің құдіреті. Басқа сиқыр жоқ.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Бағжанның кезекті концерті жоғары деңгейде өткені сөзсіз. Лық толы Республика сарайына келген әрбір тыңдарман ерекше әсер алып қайтты. Жан жараңызға ем іздесеңіз Клайкстың кешіне келіңіз!