Әлсіздігін жеңе алмай жүргендер тізімін – Анель Кенжебекова бастайды. Бикештің басын қатырған – шопинг. Анель тіпті айына киімге қанша миллион жұмсайтынын есептемейтін көрінеді.
– Біздің білуімізше әрбір танымал адамның, жұлдыздың өзіндік әлсіздігі болады. Сенде ол?
Анель Кенжебекова, блогер:
– Енді менің әлсіздігім шоппинг деп ойлаймын. Әр кезде әрқалай. Мысалы неше түрлі бренд көрем, неше түрлі киімдер көріп жатам да әйтеуір бір магазинге кіріп қалсам алу керек та. Мысалы қымбат, брендовый магазинге кірсем де ананы алмай кеткім келмейді.
– Айына қанша жұмсайсың шоппингқа?
– Білмеймін, есептемейді екенмін.
Ал Алишер Қонысбаев ешқандай қызыққа елтімейтіндердің қатарынан болып шықты. Бірақ блогер сұқбат соңында сырын айтам деп, шынын айтып қойды.
Алишер Қонысбаев, блогер:
– Ақша құртпаймын көп. Шынымды айта салайын. Мойындайын. Ойынға да бір қатты берілмеймін. Өзім бір рет көрем бәрін. Бір ай көрем. Қызық болады. Келесі ай басқа нәрсеге өтіп кетем деген сияқты ше.
- Ақшадан тыс?
- Әлсіз жерім ба? Махаббатқа әлсізбін десең...Ойнап айтам. Әзілдеп жатырмын. Кесіп тастаңдар.
- Әрбір әзілде бір шындық бар. Өзің тіліңнен табасың ғой)
Ал Дамеля суит киномансабы арқылы жаңа әуестік тапқанын айтады. Кастинг директор: «Фильм үшін атпен шауып, садақ атуды үйрен»,деп тапсырма берген екен.
Damelya Sweet, блогер:
– Қазіргі таңда ол менде ат шабу.
- Атқа шабу кәдімгі?
- Иә. Ат шауып, кайф болып кетемін.
300 миллионға үй, келіншегіне жыл сайын жаңа көлік сыйлап жүрген Дархан Жолшыбековты «Жалқау» дегенге сенетіндер аз шығар. Бірақ Дарханның өзі қазіргі таңда аталмыш қасиетімен күресіп жүргенін айтып, ағынан жарылды.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– Менің әлсіздігім мынандай еріншектікте. Кейбір кезде ұйықтап қаламын. Ұйқыны қатты жақсы көремін. Сонда да енді барынша өзімді сындырып жүрмін.