Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Бүгін біз Алматыдан 140 км шақырымда орналасқан Шелек ауылына келдік. Бұл жерде Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахмет, Олжас Нұрбай және Ерболат Әлқожаны қинап ұстап отыр. Ол кім және қандай мақсатта қазір барып білетін боламын.... кеттік...
Шынайы оқиғаға негізделген жобаның атауы - «Пельменное рабство». Еске салсақ, 2014 жылы елімізде еркінен тыс тұшпара түйіп, құл болған жандардың хикаясы ақпарат беттеріне шыққан еді. Туындыға осы оқиға негіз болған.
Олжас Нұрбай, режиссер:
- Бұл өте абсурдный ситуация сияқты да болған оқиға және тек қана бізде Қазақстанда болатын сияқты.
Әбілмансұр Серіков, театр және кино актері:
- Мен осы системаны құрған адамдардың бірімін.
- Мансабыңызда 15-тен аса жоба бар, бұл жоба сізді несімен қызықтырды?
- Бұл жоба шынайы оқиғаға құралған, сондықтан да сол жағынан маған өте қызық, себебі маған өзіме жалпы жақын дүние және де өзім сондай шынайы өмірден алынған сондай киноларды жақсы көремін.
Әшім Ахмет, театр және кино актері:
- Кім-кімді қинап ұстап отыр?
- Менің түріме қарасай, сонда қинап ұстайтын адамдарға ұқсап тұрмын бірақ, бұл жолы мені қинап жатыр... мына екеуі....
- Не үшін?
- Оның себептері бар, әр нәрсенің өмірде істеген ісіңе байланысты, өзінің наказаниясын немесе мақтауын естисің ғой.
- Ал не бүлдірдіңіздер?
- Адамның миына сыймайтын, ютубта көріп кейде, жаңалықтардан таңқалып отырамыз ғой, мә өстім адам істеуге бола ма деген сияқты.
Лента драмедия жанрында. Жоба авторлары әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғамақ.
Біржан Чопбаев, актер, әзілкеш:
- Бізде черный юмордың мастері бар, ол кісі ар жағыңызда отыр...
- Черный юмор болғанда негізі өтімді өтімді нәрсе черный юмор болып жатыр ғой, өйткені шынайлылық көп та. *Мына жақта шынайлылық өмірдегідей е саламалейкуім е, деп қойып ше, сонысы ұнады.
Ернар Себетов, актер, каскадер:
- Бұл ақша үшін жасалып жатқан дүние емес, бұл жерде басым шығармашылық алады, жаңа менің әріптестерім айтып кеткендей, әлеументтік мәселелер көп қозғалады.
Дәл осы лентаны таспалау идеясы «Сәке», «103», «Скорая», «Соққы» сынды хит жобалардың режиссері Олжас Нұрбайға тиесілі. Картинада Олжас өзі актер, өзі сценарист өзі продюсер тіпті режиссер де өзі.
Олжас Нұрбай, режиссер:
- Олжас түріңе не болып кеткен, мынандай күйге қалай түсіп жүрсің?
- Кино, кино және кино...
- Бұл кинода Олжас сценарист, продюсер, режиссер, тіпті актер. Біз білмейтін тағы да қандай қырың бар?
- Домбырада ойнай аламын.
- Алғашқы толықметрің құтты болсын, шынайы оқиғаға негізделген жобаны таңдап алдың, ол Ақтөбеде болған оқиға қателеспесем, 9 жыл бұрын. Неге ұзақ күттің?
- Біріншіден, ол кезде менің режиссерлық білімім болған жоқ, екіншіден мен өзімнің бірініш толықметражды киномды түсіруге асыққан жоқпын.
- Актерлық құрамда өзің де барсың, мақсат өзіңнің есіміңді брендке айналдыру ма?
- Иә, мен брендке айналдырып, донер ашқым келеді... Жоқ, мақсат ондай емес. Бюджет аз, бюджетті экономдау керек болды.
Ерболат Әлқожа, актер:
- Бағанан бері процессті тамашалап отырмын, сіз тағы да бір қатыгез кейіпкерді сомдайтын сияқтысыз?
- Пельменный цехтың бастығы, яғни құлдыққа ұстайтын сол кісілер.
- Неге құлдыққа ұстап отырсыз жігіттерді?
- Енді жұмыс күші тегін ғой, соған байланысты.
- Соңғы кездері сіздің кейіпкерлеріңізден көрермендер қорқа бастады, сол кейіпкерлеріңіз үшін сізден өмірде қорқатындар бар ма? Мысалы «Бақыт» фильмі бар...
- Білмеймін енді, қорқатындар бар ма, жоқ па. Анда-санда бір жазып қалады жаңағы, әлеуметтік желіде пікірге жазып қалып жататындар бар.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Актерлық құрам жоба үшін мына ауылда біраз уақыт бойы өмір сүреді. Біз де процесстің бір бөлігіне өзіміз куәгер болдық. Енді тек сапалы нәтижені кинотеатрлардан күтетін боламыз! Ал мен командаға сәттілік тілеп, қалаға қайтайын.....