Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
Талай коммерциялық жобаларда бой көрсетіп жүрген Әбілмансұр Серіков «Рысь» атты авторлық туындыда бой көрсетті. Фильмнің түсірілім жұмыстары Балқашта 1 айдан астам уақыт өтті. Лента психологиялық драма жанрында. Режиссері – Шәрипа Оразбаева.
Әбілмансұр Серіков, кино және театр актері:
-Таяуда ғана сіз «Рысь» атты фестивальдің жобада бой көрсеттіңіз?
-Оны қайдан біліп қойдыңыздар?
-Сол жоба туралы айтып беріңізші?
-Шәрипа Оразбаева осымен алғаш рет жобада жұмыс жасау, танысып, білісіп, маған өте қатты ұнады. Себебі мен үшін алғаш рет осындай опыт болды фестивальді кино. Оған дейін түстім ғой бірақ басты кейіпкерді ойнау, бөлек шығып кетіп басқа жерде түсіру басқа қалада түсіру атмосферасын сезіну.
-Яғни сізді халықаралық фестивальдерден көреміз?
- Алла қаласа, бұйырса.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
Авторлық жоба келесі жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Фильм отандық прокатқа шықпай тұрып, «А» санаттағы кинобәйгелерде бақ сынайтын болады.