Мейірғат Амангельдин келіншегімен жиі сөзге келіп қала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Құрметті Сымбат! Сізді Айдос пен Әлияның ажырасу сотына шақырамыз. Бұл «Родной» толықметрінің шақыртуына жазылған мәтіннен. Иә, креативті. Қазақ киноиндустриясына кезекті комедия қосылды. Көріп тұрғандарыңыздай, біз жабық көрсетілімдеміз.

 

Картинаның сюжеттік желісі бойынша: Айдос пен Әлия ажырасу үшін, Жаркентке жол жүрулері керек. Көршілері Катя мен Сапар сол аймаққа баратындықтан, жол жөнекей оларға жол серік болады. Басты кейіпкер Сапарды, Еламан Есентаев ойнайды. Қала берді Еламан лентаның бас продюсері.

 

Еламан Есентаев, актер, кинопродюсер:

– Өзің актерсың. Қала берді, бұл фильмге продюсерлік еттің. Қолымнан келді деп ойлайсың ба?

– Қолымнан келді, қолымнан келді.

– Фильмнің бюджеті қанша миллион теңге немесе қанша мың доллар?

– 100 миллионның үсті. 150 миллионға жетпейді.

– Фильміңде топ актерлар жетерлік. Сұраған гонорарын бердің бе? Әлде саудаласу болды ма?

– Әрине саудаласу болды. Алғашқы проектім, дебютім. Бірақ жақын араласатын достарым, актерлар олар нағыз дос екендерін көрсетті. Жоқ алмаймыз деп жатқандар болды араларында.

– Кім ол?

– Мейірғат Амангельдин.

– Алды ма?

– Басында алмаймын, алмаймын деп жүрді. Бірақ соңында иә, алды.

– Образың туралы сөйлесейікші. Кімді ойнайсың? Кейіпкерің кім? Қандай?

– Бұл Айдос деген жігіт. Өзімізбен құрдас жігіт. 00:48 – Өзінің ұстанымы бар. Кішкене жұмыс істеп отбасына көңіл бөлмей қалуы мүмкін. 00:56 – Бірақ енді кішкене бұл жерде агрессиясы басымырақ бұл жігіттің.

– Өмірдегі Мейірғаттың агрессиясы басым ба?

– Орташа. Көбіне күліп жүремін.

– Әр түрлі фильмдерде, сериалдарда түрлі сұлу-сұлу, көрікті актрисалармен ойнайсың. Іссапарларда жиі жүресің. Келіншегің қызғанбай ма?

– Қызғанбайды. Бірақ кейде мүмкін болады. Жалпы вообще ешкімнен қызғанбайды деп айта алмаймын. Бірақ ол да өнер адамы. Сондықтан бәрін түсінеді.

 

Индира Сабирова, актриса:

– Әр лентада образы бір біріне ұқсамайтын актрисалардың бірі – Индира тұр қасымда. Бұл кинода кімді ойнайсың?

– Бұл кинода Әлия деген кейіпкерді сомдаймын. 00:40 – Өте нәзік, жүрегі жұмсақ, бетке көп нәрсе айта алмайтын және де барлығын ішіне сақтайтын жан.

– Сен өзің өмірде сондайсың ба?

– Негізі иә.

– Комедия – қиын жанр дейді. Ал бұл фильмнің түсірілімі кезінде қандай қиындықтар, кедергілер болды?

– Негізі команда жақсы болды да. Фильм өте жеңіл түсіріліп болды. Он екі күннің ішінде түсірілді. Барлығы как бы схвачено дейді ғой. Өте күшті болды.

 

Ақерке Арыс, актриса, блогер:

– Жұрт сені ажырасып кетті деп ойлап жүр. Айтшы халыққа, ажыраспадым, күйеуім менің вайндарыма түсіп жүр деп.

– Ажырасу деген оңай емес, айналайындар. Ажырасқан жоқпын уайымдамаңыздар. Күйеуімді ешқайда жібермеймін деп қояды дейді. Өзіміз әрең тигенде айналайын.

– Қателеспесем, түсірілім кезінде аяғың ауыр болды иә? Қиын болған жоқ па?

– Басында уайымдадым. Бірақ қиын болған жоқ. Өте әдемі болды. Қызым көмектесті. Қыз босандым, қазір қызыммен келдім. Алып келдім.

 

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Жабық көрсетілім қазір ғана бітті. Нурик, саған кино ұнады ма?

– Иә, өте керемет ұнады. Ақтауский мен Шымкентскийлерді бір біріне добрый қылып көрсетіп, бір бірін бөліп, сондай приколдар, акцент. Сондай сөздер ұнады.

– Ерболат аға, Қазақстан әлем бойынша жан басына шаққанда ажырасудан 2-ші орын алады екен. Себебі неде деп ойлайсыз?

 

Ерболат Әлқожа, актер:

– Адамдар бір бірін түсінбейді. Сосын біздің қоғамда, менталитетке байланысты тәрбие деген бар. Сол нәрсе бізде көп кезде бізді қысып кетеді. Адамдар ашылмайды, өз ойын айта алмайды. Бір бірін түсінгісі келмейді. Жалпы ажырасудың басты несі, біз бір бірімізді адам ретінде сыйламаймыз. Менің ойым сол.

– Кез келген отбасыда ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды. Сіз үйдегі жанжалды қалай шешесіз?

Дәурен Серғазин, актер:

– Ол жанжалдың түріне байланысты. Жаңадан қосылған отбасыда міндетті түрде ол болады. Ол өзінің шегіне жетер жерден болады. Сол этаптан өткеннен кейін... Кез келген отбасы бастан өткереді. Сол бір этаптан шыдап, ары қарай өткеннен кейін қалған ұрыс керіс, айғайдың бәрі жайына қалады. Оған басты себеп әрине – махаббат.

 

Кино жайлы өнер өкілдерінің пікірін білу үшін Ғазрет Қажымұқанұлына сұрақ қоймақ болған едік. Бірақ актер бізден ат тонын ала қашты. Кім біледі, жеке өмірі, келіншегі Кәмшәт Жолдыбаева жайлы сұрайды деп ойлаған болар.

 

Ғазрет Қажымұқанұлы, актер:

– Қашып бара жатыр ше. Түсіріп жатсыз ба? Ғазөш, мен просто анандай ғана сұрақ қоямын...Кино ұнады ма деген?

– Кино ұнады ма?

– Ұнады әрине.

– Қайда асығып бара жатырсың?

– Мен ба? Адам күтіп тұр.

– Еламанның рөлі ұнады маған. Әдемі шықты жалпы. Еламанның өзіне айтайыншы пікірімді.

 

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Кинотанушылар комедияның көбеюін әбестік көрмейді. Бұл – сапаның артуына бастар жол! Ал, «Родной» қай санатта? Бағасын беретін – киномандар!