Раймның Алматыдағы алғашқы жеке концерті қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Оның сахнада жүргеніне 5 жылға жуық уақыт болса да, Алматыда алғаш рет жеке концертін өткізуде. Бүгін Раймның кешіндеміз. Билет бағасы 7 мыңнан, 13 мыңға дейін. Дегенмен, арена адамға лық толы.

– Райм, Алматыдағы алғашқы жеке концертің құтты болсын дейміз. 23.03.2023 әдемі дата, зеркальная дата әдейі таңдалды ма?

 

Raim, әнші:

– Әдейі емес, солай келіп қалды. Өте керемет дата болды.

– Қазақстан бойынша тур қойдың. Бірнеше қалаларды араладың. Қалай өтті?

– Өте керемет өтті. Өте қуаныштымын. Турымыздың соңында бүгін осындай атмосферамен аяқталса, өте жақсы бір күйде қаламын.

– Ал Моңғолиядағы сапарың қалай өтті?

– Моңғолияда өте керемет өтті. Моңғолиядағы біздің қандастарымыз барлығы өте қатты қолдау берді және де барлығы сағынып қалған екен. Барып, өте керемет кеш өткіздік.

 

Концерттің басынан аяғына дейін Раймды қолдап, жанынан бір елі ажырамаған Ерке Есмахан күйеуіне барынша қолдау көрсетті. Тіпті, жеке стилисіне айналған

Тіпті ұлы Мүсілім, сахнаға шығып Райммен қосылып ән шырқады.

Жұпқа осыған дейін желіде хейт жазған жұрт бұл дуэтті жақсы қабылады.

 

Тұрар Ыдырыс, әнші:

– Соңғы кезде Раймға хейт көбейді. Тыңдарманы азайып қалды деп ойламайсың ба?

– Раймға как будто бір сыртынан қарасаң бір хейт көп сияқты ғой. Мен ең бірінші рет Қазыбек Құрайыштың концертінде Астанада, Райм сол жақта қонақта болды. Осы бір теманың бәрінің болған кезі. Қызып жатқан кезі. И сол кезде сол хейттан кейін. Тем более Райм хейт алып көрмеген әнші ғой ешқашан. Он же был таким белым, пушистым. Содан кейін бірінші рет шыққан кезде Қазыбектің концертіне, Райм айтады да: Өзім қобалжып тұрмын дейді да. Маған да қызық болды да. Өйткені тиктокқа қарасаң, оны бәрі жек көретін сияқты да.

– Бірақ жоқ, халық деген өліп бара жатыр ғой: Уааа, Райм деп.

– Райм қандай дос? Қандай әнші? Қандай адам?

– Осы сұрақты іште ойланып отырып жаздың ба? Типа, так осылай қойсам, мә мынау атады деп дайындадың ба мына сұрақты?

– Біздің сахнаға шығуымыз керек.

– Не үшін шығасыңдар?

– Сіз бізді ұстап тұрсыз. Біз жүргізбейміз ба?

– Сендер жүргізесіңдер ма? Айтпайсыңдар ма?

Ғалымжан Жанықұлов, стендапер:

– Райм жыртады бар ғой. Райм до того простой ғой. Жарты сағат қалған кезде звондап: Гала, концерт жүргізесіңдер ма? , - деп тұр ғой.

Данияр Бекжанов, стендапер:

– Ойлашы, жарты-ақ сағат.

– Жарты-ақ сағат қалғанда звондады. Жалпы Райм спонтанно жүргенді жақсы көреді ғой.

– Сосын барып, ол қалай болады деп, жүгіріп, киім алуға шыққанбыз ғой. Жүргізу керек, Райм, стадион деп. Мынандай костюмдер бар десек, Райм тұрды да: Менің не киіп жүргенімді білесіңдер ғой,-дейді.

– Осылай атып шықтық.

– Бүгінгі кеш ұнап жатыр ма?

– Кайф! Ананы қарсаңыздаршы

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

– Раймның шыққанын көрдіңдер ма? Мә, мынандай шығыс еш жерде болмаған ғой. Кәдімгідей машинамен шығып жатыр.

– Мына машинаның аты қандай?

– Аааа... Білмеймін. Кадилак... Бюик... Атын білмеймін, бірақ өте ескі раритет машина. Раймның өзінің жеке талғамының өзі керемет та.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:

– Бүгінгі концертке келген 8 мың адамның бәрі Раймның әндерін қосыла шырқап, көңіл көтерді. Ешқандай шоусыз-ақ, ешқандай шусыз-ақ атаққа аяңдап келе жатқан артист Раймдай болса керек.