Мерей Абилова мен Тұрар Ыдырыстың махаббат хикаясы «Ертегі емес» сериалының түсірілімі кезінде, 2019 жылы басталды. Тұрардың «Сары қыз», «Үміт», «Ойлай берем» сынды әндері, одан бөлек тағы бірнеше трегі Мерейге арналып жазылды. Бірақ 2022 жылы жұлдыз жұп екі жаққа кетті. Ал 2023 жылы наурыздың аяғында Абилова Литвалық «Жальгирис» құрамасында ойнайтын аяқдопшы – Димаш Кашкеннің «Қалыңдығы» атанды. Бұған қатысты Тұрардың пікірі:
3-4 күннен бері аспан бір Тұрарға мұңайды дейді сол рас па?
- Аспан бір Тұрарға... Жоқ. Тек қуаныш менде.
- Түсініп тұрсың ғой не туралы айтып тұрғанымды?
- Түсініп тұрмын. Айтып тұрмын ғой, қуанам. Тек қана қуанам.
- Құттықтадың ба?
Тұрар Ыдырыс, әнші:
- Жоқ енді Құдай қаласа тойларын жасағаннан кейін құттықтайтын шығармын. Бірақ біздің арамызда достықтан басқа ештеңе жоқ. Шын. Білесің ғой өзің де. Сондықтан я только рад.
– Жаңалықтарың өте көп. Қара тұлпар тізгіндедің. Панамера деген. Қанша миллион? Концертіңнен кейін бірден алдың. Соған қарағанда қомақты қаржы түскен сияқты ғой.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Жоқ ол концерттен кейін болғанда, мен вообще машина алам деп жүргеніме көп уақыт болды да. 01:08 – Сол концертті өткізгеннен кейін барып, соны жәймен жинап жинап, концерттен бөлек те доходтар бар ғой.
– Қанша миллион?
– Жақсы.
- Жақсының суммасын айтайық?
- Әлішер Қонысбаев айтпақшы нормально жастамын дегендей ғой. Нормально бағада.
Әншінің жасырғанын біз көлік сататын сайттардан іздеп көрдік. Тұрардың темір тұлпарының құны - 20 млн мен 30 млн теңгенің арасында. Көлікқұмарлар – бұл брендті жоғары бағалайды.
– Бүгін Астанадан келіп отырсың. Шаршап жүрген жоқсың ба? Дауысыңды қалыпқа келтіріп үлгеріп жатырсың ба?
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Жақсы бәрі. Негізі сольный концерттерде ғой шаршайсың. Ал былай 2-3 өлең айтып кететін жерлерден шаршамайсың. Наоборот. Кеше Әміренің концертінде қонақта болдық. Бүгін Райм досымызда қонақтамыз. Достарымның концертінде жүргенде мен неге шаршаймын?