Бейбіт Әлібеков әйгілі «Такси» жобасында қонақта! Блогердің IQ-ы қанша?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

Cash Cab! Бұл бағдарламаның - британдық нұсқасы - 2005 жылдан бастап телеэфирлерден түскен жоқ! Біздің елде болса, 2009 жылдан бері көрерменнің асқан қызығушылығын оятып келеді! Бұл - НТК-ның төл туындысы «Такси» және оның тұрақты жүргізушісі - Мұрат Оспанов!

Отандық телекеңістікте 14 жылдық тарихы бар «Такси» жобасының жаңа маусымы бүгінде жоғары рейтингке ие болды. Еске салсақ, интелектуальды бағдарлама араға 4 жыл салып НТК эфирінде қайта оралды.

Мұрат Оспанов, тележүргізуші:

«Такси» жобасын шоу деп жатады, яғни ол реалти шоу, ешқандай көзбоятушылық жоқ. Бәрі шынайы ғой?

Барлығы көрермен көргеніндей, біз тіпті монтажда жасамаймыз, тек техникалық қателіктерге байланысты эфирде кейбір жерлері қиылып кетуі мүмкін.

Сіздерге жеңімпаздарға ақшалай сыйлық берген қаншылықты тиімді?

Барлық қатысушы жеңімпаз бола бермейді. Супер ойынға жеткендер ғана кэш алады. Демеушілеріміз бар.

Арнайы жобаға - бұл жолы блогер, бизнесмен - Бейбіт Әлібеков шақыртылған-ды. Интеллект пен эрудиция һәм тапқырлық сынға салынатын телеойында Бейбіт діттеген межеге жете ала?

Бейбіт Әлібеков, блогер, бизнесмен:

Менің хейтерлерім мен ақымақ санайды, сондықтан соларды ұятқа қалдырмауға тырысамын.

Бейбіт жобада жалғыз емес. Медиа тұлғаға интелеутуалды ойында әкесі мен ұлы көмекке келген.

Бейбіт Әлібеков, блогер, бизнесмен:

Форматы мәңгілік, ешқашан өлмейді. Себебі, барлық мәселеде эксперт бізде такси жүргізушілері. Халықпен тілдеседі, олардың проблемаларын тыңдайды.

ҚР қоғам қайраткері әрі эстрада жұлдызы Нұрлан Абдуллинде жобаға қатысу үшін арнайы келген. Еске салсақ, танымалдардан бөлек, телеойында қарапайым халық та қатысушы бола алады.

Нұрлан Абдуллин, ҚР қоғам қайраткері, әнші:

Такси жобасына Дубайдан келдіңіз ғой?

Иә, Дубайдан келдім. Загарымнан білініп тұр ма деп қойсаң

Демалыс?

Жоқ, демалыс болғанда, жұмыс та болды, иә, жақсы бір тойға шақырды енді, менің енді өнеріме тәнті кісілер. Ойбай, Нұреке, өзіңіз болсаңыз, жақсы болар еді, абырой болатын еді деді. Жарайды жақсы, онда барып қайтайық деп сол.

Ойынға дайынсыз ба?

Әрине енді, қыз дайын болса, жігіт дайын деген сияқты. \күледі\

Қаншалықты өзіңіздің біліміңізге сенімдісіз?

Құдайға шүкір, енді екі ғасырлық өміріміз бар деген сияқты, мынау Совет Одағының кезінде оқыған біліміміз бар, сонан кейін Жоғары оқуда, өмірде көргеніміз бар деген сияқты. Енді әйтеуір көреміз енді.

Бірақ дегенмен де Мұрат ағаның сізге дайындап отырған кэшін қалтаңызға салып кету ойда бар ма?

Жоқ, негізі мен өзім ойлаймын бір қайырымдылыққа. Құдайға шүкір, жоқ емес бар ғой енді.

Таксовать еткен кезіңіз болды ма?

Әрине, алғашқыда мен негізі таксовать еткенді қойғаным бір себеп, әйтеуір біреуді алып келе жатқан кезде, біреу танып қалды мені. Сізді мен теледирдардан көрдім ғой деген кезде, сомен ойладым ай болған шығар енді.

Жаңа маусымда барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, супер-ойынды жеңген адамға 60 мың теңге тарту етіледі. Бұл сомма келешекте өсіп отырады.

Мұрат Оспанов, тележүргізуші:

Жобаның телеэфирде жарық көріп жатқанына талай жыл болды, бірақ әлі күнге дейін сұраныста, форматы да ешқащан өгермейді. Бұның бір сыры бар ма?

Біріншіден біздің шоу ғұмыры жағынан рекордсмен шығар. Форматына тоқталасақ, иә оны өзгертуге біздің құқымыз жоқ, себебі авторлық талаптар бар. Америкалық компания осындай ұстанымда, уақыт өтіп, заман өзгерсе де, бұл жобаның стилі қала береді.

Гүлдана Мұқан, тілші:

«Такси» аптаның жұмыс күндері, сағат 20:00-де НТК эфирінен шығады. Жіберіп алмаңыздар!