Танымал музыканттар мен блогерлер аbdr. -ды құттықтау үшін арнайы бас қосты. Музыкант өнердегі достарына жаңа альбомын таныстырып, үнтаспаға енген 9 тректі орындады. аbdr. тыңдармандардың жүрегін соул және R&B-дің элементтері қосылған классикалық нео-поп жанрларымен жаулаған еді. Енді музыканттың жаңа альбомында отандық поп музыкаға жат форматты байқай аласыз. Ол R&B бағытына қосылған аспаптардың үні.
abdr. музыкант:
- Дәл осы альбомды жазар кезде, сен кәсіби музыкант ретінде өстім дедің, сол трансформация жайлы айтып бересің ба?
- Альбомда түрлі аспаптардың үні бар. Бұған дейін мұндай тәжірбиеге жүгенбеген едім. Осы үнтаспаны M’Dee-мен бірігіп жаздық, продюсері де сол. Сондықтан гитараның да үні көбейді.
- Шығармашылығыңды талай жыл Мәскеуде шыңдап келдің, енді Қазақстандасың ғой?
- Өткен жылы Мәскеуге 2 айға көшіп кеткенмін, содан ол жақтың өз дауы басталды. Сондықтан M’Dee-мен бірге барлық қазақтар елге қайта оралдық.
- Өзің өте жабық адамсың, БАҚ өкілдеріне көп сұқбат бере бермейсің, оған не себеп?
- Шынымды айтсам қаламайтынмын. Бар болғаны музыка арқылы барлығы түсінікті шығар деп ойлайтынмын. Жанкүйерлерге артық ақпарат білудің қажеті жоқ.
Бүгінде аbdr. өнердегі досы әрі әріптесі өзінің продюсері! 1,5 айдан бері ол M’Dee негізін қалаған «Закрытый клуб» лейблынің әртісі атанды. Онда M’Dee-дің өзі, Аяу, Руша және Абдр бар.
M’Dee, музыкант, продюсер:
- M’Dee енді продюсер бір лейблды ұстап тұру қиын емес пе?
- Енді ғана бастап жатқандықтан әзірге қиын емес.Бұл ұйымдастырған алғашқы іс-шарамыз.
abdr. музыкант:
- Бір айдан бері «Закрытый клуб» лейблының әртісі атандың, M’Dee сенің продюсерің. Жұмыс қалай жүріп жатыр?
- Керемет, біз дос болғандықтан шығар арадағы коннект жақсы жүріп кетті. Өзімді бір келісімшарт жасаған, лейблдамын деп сезінбеймін. «Закрытый клуб» достар жиналған отбасы сияқтымыз.
M’Dee, музыкант, продюсер:
- Шығармашылығын сізбен бірге қатар бастаған Абдр, өнердегі досыңыз, бауырыңыз, енді сізідң шәкіртіңізге айналды, тандем қалай жүрып жатыр?
- Шынымды айтсам, өте керемет, жанға жайлы жұмыс жасаймыз. Бір-бірімізді бұрыннан білеміз, бір-бірімізді бір ауыздан түсінеміз.
M’Dee-дің продюсерлік орталығы 2022 жылдың күзінде құрылған-ды. Музыкант онда жас өнерпаздарды іріктеп алған.
M’Dee, музыкант, продюсер:
- Жасыратыны жоқ әрбір әртісіңіз хит шығарып жатыр, бұның бір құпиясы бар ма?
- Құпияға келетін болсақ, әр әртісіміз о бастан талантты музыкант. Айтар ойы, өзіндік көзқарасы жоқ өнерпаздармен жұмыс істесем, мұндай болмас еді. Лейблдағы музыканттар өздері жазады, ал мен кішкене көмектесіп отырамын.
- Әртістерге қалай дөп түсіп таңдайсыз?
- Олардың музыкасынан шабыттансам маған сол жеткілікті.
- Бейнебаян таспалайсыздар, оның бәріне үлкен қаражат керек сіздердің бір спонсорларыңыз бар ма?
- Әзірге лейблды менің қаражатыма қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл да бизнес болған соң, алғашында шығын көп, кіріс жоқ, Бірақ бұл уақытша, нәтиже жасауға болады.
4 жыл бұрын дәл осы «Особенная» трегімен танылған Әбдірахмен Бекенов өзіне деген сұранысты әлі де жоғалтқан жоқ. Музыкант заман ағымы мен трендке сай тректер шығарып, фан базасын көбейтіп жүр.
abdr. музыкант:
- Тректеріңіздің иесі бар ма, музаңыз кім?
- Әндерімнің иесі бар. Былай түсіндірейін, кейбір әндердің кейіпкері қиялдан туады, кейбірін арнайылап жазамын. Ол өмірімдегі махаббат хикаям болуы мүмкін.
M’Dee, музыкант, продюсер:
- Бүгінде жас музыканттар айтып жатыр, продюсерсіз-ақ көтерілуге болады деп сіздің миссияыңыз қандай ?
- Қазақстанда сапалы, жақсы поп әндерін жасау.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Көптен бері сұқбат бермей көзден тасада жүрген Абдрды бүгін барынша ашуға тырыстық. Музыкантың жаңа альбомымен де таныстық. Сіз де жинақты тыңдап, өз бағаңызды беріңіз!