2020 жылдың ең сәнді той көйлегі қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемді жайлаған коронавирус кесірінен талай қылыңдық қуанышты күнінен бас тартуға мәжбүр болды. Десе де, ғашықтар арасынан неке қию рәсімін кейінге шегеріп, болашаққа үмітпен қарайтындар да жетерлік. Сән әлемінің майталмандары дәл сондай, той күнін жоспарлап қойған аруларға арнап, қалыңдық көйлек таңдаудағы трендтерді ұсынды.

«Ақ көйлек сәнде емес», - дейді дизайнерлер. Oscar de la Renta, Carolina Herrera, Ines Di Santo бастаған брендтердің пайымынша, 2020 жылы гүлді принт пен шабдалы, қызғылт реңкті көйлектер киген дұрыс.

Оскар жүлдесінің «Үздік костюм дизайны» марапатын еншілеген «Кішкентай әйелдер» фильмінің образдары да қалыңдықтар арасында сұраныста. Лента жарық көргеннен кейін, ретро үлгілер сәнге айналған. Сондықтан, желбіршекті жең мен жабық жағалы көйлекке тапсырыс берсеңіз еш өкінбейсіз.

Кестелеп тігілген ұзын фатаны таңдасаңыз, сөзсіз талқыдағы қалыңдықтың біріне айналасыз! Бұл үлгінің трендсеттері – Меган Маркл. Патшалық әулет келінінің неке қию салтанатындағы образы көпке ұнаған-ды. Мамандардың айтуынша, ханшайымның ақжаулығы нағыз биылғы жылдың үлгісі.