Карантин кезінде отандық жұлдыздар үйде отырып-ақ модель атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Онлайн сурет! Танымал тұлғаларды қашықтан таспаға тарту идеясы фотограф Руслан Тагаевқа тиесілі. Кәсіби маман өнер өкілдеріне видеочат арқылы хабарласып, экранның арғы бетінен-ақ әдемі кадрларды түсірген.

Руслан Тагаев, фотограф:

– Түсірілім жұмыстарын қалай қашықтықта жасауға болатынын ойлап, онлайн байқап көргім келді. Мен өз үйімде, модель өз үйінде отырып-ақ жұмыс істедік.

2006 жылдан бері фотограф болып қызмет ететін Тагаевтың тың тәсіліне жұлдыздар бірден келіскен көрінеді. Русланның тарапынан танымалдарға қойылатын талап бір – маманның айтқанын бұлжытпай орындау.

Руслан Тагаев, фотограф:

- Қиындықтар әрине бар. Біріншіден, менің ракус өзгертуге мүмкіндігім өте аз болды. Барлық жұмысты модельге сеніп тапсырдым. Себебі камера менің қолымда емес. Мен тек бақылаушы ретінде отырдым. Екіншіден, байланыс жиі үзілді.

Русланның алғашқы моделі – Динара Бақтыбаева. Карантин кезінде уақытты пайдалы өткізуге болатынын сурет арқылы көрсеткісі келген актриса, фотоға кітаппен бірге түскен. Тагаевтың объективіне сондай-ақ, Әсел Сағатова, Айсұлу Азимбаева, Елдана Форайс пен Әлішер Елікбаев та іліккен еді.

Чингиз Капин де ерек фотосессия жасауға бірден келісімін берген. Бұл іске үлкен жауапкершілікпен қараған өнер иесі фотографтың айтқанының бәрін жасауға тырыстым дейді. Мейлі ол локация, мейлі ол образ болсын.

Чингиз Капин, актер:

- Бұл керемет тәжірибие, себебі сен маманның жанында болмай-ақ, өз кәсібилігіңді көрсетесің. Ешқандай қиындығы жоқ, режиссер тек қашықтықта болады.

Чингиз тіпті, дәл осы жұмыс барысынан щалқар шабыт алған көрінеді.

Чингиз Капин, актер:

– Қазір карантин кезінде мұндай идеялар өнер адамдарына шабыт сыйлап, жаңашылдыққа талпынуға итермелейді.

Еске салсақ, онлайн фотоссесия бүгінде әлем бойынша трендке айналып жатыр. Мәселен, күні кеше Белла Хадид «Vogue Italy» мұқабасына түсу үшін фотографпен қашықтан жұмыс істеген еді.