Селена Гомес тағы да сырқатқа ұшырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Селена Гомес тағы да сырқатқа ұшырады! Әнші бұл жайлы Майли Сайруспен өткізген тікелей трансляциясында бүкпесіз айтып берді. Сылқымға АҚШ-тың ең мықты дәрігерлері «биполярлы аффективті ауытқу» диагнозын қойыпты. Көңіл күй мен жүйкеге кері әсері бар психикалық дертке шалдыққан Гомес енді ақ халаттылардың қатаң бақылауына алынып, ем қабылдап жатыр.

Бред Питт пен Дженнифер Энистон арасындағы махаббат хикаясы әлі де түгесілер емес. Жанкүйерлердің де пікірі екіге бөлінген. Бірақ қос жұлдыздың жақын досы Мелисса Этеридж алып-қашпа көп әңгімеге өз сөзімен нүкте қойғандай. Мелиссаға Бред пен Энистон жайлы сауал қойылғанда, Этеридж оларда бәрі жақсы екенін, десе де достасудың оңай болмағанын айтып, енді өзінен бұл жайлы сұрамауын өтінген.

Танымалдардың арасында коронавируспен алғаш жұқтырғандардың бірі Том Хэнкс пен оның жары Рита Уилсон екені көпшілікке аян. 63-ке аяқ басқан екеу диагноздары жайлы естігенде «Осымен өмір атты киномыз бітті деп ойладық» деп Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген. Қала берді, Рита мен Том өздерінің өлімінен кейін қос ұлдарына «сауық-кешін өткізіңдер» деп аманат қалдырыпты. Бұны олар «балаларым қайғыға түсіп кетпес үшін тапсырдым» деп түсіндірген.