Жұлдыздар карантиннен жалықты! Алтынай Жолдыбаева ел назарын өзіне аудару үшін тағы не ойлап тапты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин кезінде үйде жатып, әбден жалыққан жұлдыздар үйлерінде не істерін білмей дал! Тіпті, Мейіржан Төребаев, Әлішер Кәрімов бастаған шоу-бизнестің жігіттері көйлек киіп, жұртты шулаттып жатыр.

Дженнифер Лопестің бұл челленджі оның қазақстандық әріптестері арасында трендке айналды! Жұмыссыз жатып, жалыққан жұлдыздар жаппай Джей Ло сынды видео таспалауда.

Қашанда сұхбат беруге ашық жұп, бұл жолы аталмыш видеосына қатысты пікір білдіруге құлық танытпады. Дана жұлдызды жарының бұл образын қалың көрермен сынның астына алады деген уайымымен түсіндірді.

Ал НТК арнасының «Бюро» телехикаясы арқылы танылған актриса әрі инста жұлдыз Айнұр Нұрсейітова болса, бұл видеоны анасы және қызымен бірге түсірген еді.

Айнүр Нұрсейітова, актриса:

-Бұл тек қана мамамның идеясы. Өзіме ұнады. Енді үйде басқа жоқ болғандықтан осы челленджді түсірдік.

Лопестің челленджін жалғастырғандар қатарында Әлішер Кәрімов пен Айжан Нұрмағамбетова да бар. Жұлдызды тандем хейтерлерге көңіл аудармақ емес. Ал әйел образында өздерін көрсеткісі келмесе де, Дәурен Айдарқұлов пен Меломендік Ғабит Мейрамов трендтен қалмауға тырысқандай.

Шоумен, тележүргізуші Марат Оралғазин бастаған аталмыш трендтің жаңа нұсқасын актер әрі әзілкеш Арман Жаналиев өзінше жалғай кетті. Көпшілікке әйел образындағы жігіттерден гөрі, демаграфия тақырыбын көтерген квн жұлдыздарының идеясы қатты ұнаған.

Жігіттер қауымы көйлек киіп әбігерге түссе, бастары бос сылқымдар жалаңаштанып жатыр. Экс-Джейрандық сұлулар Алтынай Жолдыбаева мен Медина Жалғасова «жастық челленджді» бастады.

Медина Жалғасова, «Дикий мед» тобының әнші:

- Бұл челленджді мен шетелдік фэшн-блогерлерден көргем. Өзімнің оқырмандарымның көңіл-күйін көтергім келген, сол әзіл ретінде жасалған сурет. Оқырмандарымның арасында хейт болған жоқ. Олар менің юморымды түсінді.

Бүгінде «Дикий мед» тобының мүшесі атанған арудың ендігі осы образы да әріптестері арасында челлендж ретінде бастау алса, таң қалмаңыздар.

Медина Жалғасова, «Дикий мед» тобының әншісі:

- Енді өзім білем адамдар әртүрлі болады. Адамдардың ой-пікірлері әртүрлі болады. Сондықтан айтқысы келсе, айта берсін.

Сондай-ақ, шоу-бизнестің серілері бас аман болса, шаш өсер деп, «тақырбас челленджді» бастаған еді. Жарты өмірі түзде өтетін танымалдарға карантиннің әсері тиіп жатқаны байқалады.