Соvid-19-ға күдікпен ауруханаға таңылған тележүргізуші кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин – жұлдыздарды да жіпсіз байлап отыр. Португалиядан келіп, Соvid-19-ға күдікпен ауруханаға таңылған тележүргізуші кім? Неліктен оның коронавирусқа тапсырған тестінің жауабы әлі дайын емес? Келесі сюжетте.

«Модный приговор» бағдарламасының тележүргізушісі коронавирусқа күдікпен, карантинға жатқызылды. Әзірге Александр Васильевке «екі жақты пневмония» диагнозы қойылған. Соvid-19-ға тапсырған тестінің қорытындысы қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. «Португалиядан орала сала, өзімді оқшаулап үйде жаттым. Денсаулығымда кінәрат болмаған еді» деген сән сыншысы, жағдайының күрт нашарлап кеткеніне таң. Бүгінде Васильев мырза Мәскеудің ең мықты инфекциялық ауруханасында емделіп жатыр екен.

Арнольд Шварценеггердің ұлы Джозеф Баэн дәл әкесі сияқты суретке түсіп, желіге жүктеген. Арнольдтің некесіз туылған баласының фотосын көргендер, оның актердан айнымайтынын айтып жатыр. Малибудағы «Пеппердайн» университетінде бизнес және менеджмент мамандығын тәмәмдаған Джозеф, Шварценеггердің жолын қуып, спортты таңдаған екен.

Элджей инстаға линзасыз түскен суретімен жұртты таңғалдырды. Әншінінің көздерін бұған дейін қарашықсыз көріп үйреніп қалған ел, толассыз коммент қалдырып, «біртүрлі» екен деп жарыса жазуда. Тіпті рэпердің жары Анастасия Ивлеева да эмоциясын жасыра алмаған. Бұған дейін сахнаға тек қана линзамен шығатын Алексей Узенюктың өз көздерін көргендер аз. Тіпті жанкүйерлері «ол отамен қарашығын алдырып тастаған», - деп те айтып жүрді.