Қазақстанда үйдегі зорлық-зомбылық кесірінен жылына 400 әйел бақилық болады екен. Ал карантин кезінде бұл көрсеткіш қаншалықты артты? Ал жұлдызды жұбайынан зәбір көрген әртіс кім?
Сегіз жылдан бері бақытты жанұяның кейіпінде келген Агата Муцениеце мен Павел Прилучный ақпан айының соңында ажырасамыз деп айды аспанға шығарған болатын. Бірақ кенеттен басталған карантин олардың екіге бөлінуін кейінге шегеріп тастаған еді. Енді уақытша бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр олар, күнде жанжалдасып жатқан көрінеді.
Тіпті, соңғы он күндікте ішімдікке салынып кеткен Павел, бала-шағасын далаға қуып, әйелін төмпештеп жатыр екен. Бұл жайында Агата анасының инста парақшасында айтқан. Өйткені Прилучный әйелінің телефонын терезеден лақтырып жіберген. Муцениеце карантиннің кері әсер етіп жатқанын айтып, көз жасына ерік берді.
Феменистік бастамаларды көтеріп жүретін Айнұр Ілиясоваға, көмек сұрап хабарласатын нәзік жандылар жетерлік екен. Актриса карантин кезінде зәбір көруші қыз-келіншектер саны артып кетті деп алаңдаушылық білдірді. Өйткені елімізде бір жылда күйеуінің қолынан 400-ге жуық әйел қаза табады екен.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Карантин уақытында өкінішке орай, үйдегі зорлық-зомбылық күшейіп барады. Осыған орай, БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутиридж зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту керек деп айтты. Біздер Алматы әкімдігінің жанындағы «әйелдер және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия» мүшелері «Родник» қорымен бірлесіп, «карантин без насилия» деген флешмоб өткізген болатынбыз.
Ілиясова өзінің танымал достарының да карантинде зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанын айтып қалды.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Құдайға шүкір мен ондай зорлық-зомбылықтың құрбаны болған емеспін. Бірақ жанымдағы достарым құрбыларым бар осы зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жүрген.
Ілиясова сынды қыз-келіншектер құқығын қорғап жүрген әнші Калия, зәбір көріп, карантин кезінде тығырыққа тірелген әйелдерге «бірден құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар» деп кеңес берді.
Kaliya, әнші:
– Зорлық құрбаны болғандар қайда хабарласу керек? Сол ақпаратты біз таратып жатырмыз. 102 – полицияға хабарласу керек және 115 деген Алматыда жұмыс істейтін сенім телефоны бар. Сол жерлерге хабарласса біздің полиция және дағдарыс центрінің мамандары көмек көрсетеді.